«Заңсыз митинг өткізуге жол бермейміз»: Құқық қорғау органдары Республика күні күшейтілген режимде жұмыс істейді
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 25 қазан – Республика күні күшейтілген режимда жұмыс істейді, деп хабарлайды Altyn-orda.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасай отырып
Бұл күні заңсыз митинг ұйымдастыруға жол бермейміз, деді Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.
Үкіметтің баспасөз орталығында ІІМ өкіліне журналистер заңсыз митинг ұйымдастыруға қатысты сұрақ қойды.
25 қазан – мемлекеттік мереке ғой. Әрине, біз оған дайындаламыз. Біз күшейтілген қызмет режиміне көшеміз. Қазір әкімдіктерден сол күндері өткізілетін барлық іс-шара туралы ақпаратты сұратып жатырмыз. Біз қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеміз. ДВК (Қазақстанның демократиялық таңдауы) мүшелері жасап жатқан үндеулер бар. ДВК – ел аумағында қызметіне тыйым салынған экстремистік ұйым. Әрине, біз оларға митинг өткізуге жол бермейміз. Егер митингтің орны мен мақсаты заңнамаға сәйкес келсе, әкімдіктер рұқсат береді. Рұқсат етілген шараларда біз тек қана күзетеміз, — деді министрдің орынбасары.