Зеленский мен Трамп 18 тамызда Вашингтонда кездеспек

Украина президенті Владимир Зеленский 18 тамызда Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі. Бұл туралы ол өз Telegram-каналында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Украина басшысының айтуынша, екі ел президенті соғысты тоқтату мәселесін егжей-тегжейлі талқылайтын болады.

Зеленский алдымен Трамппен жеке сөйлескенін, кейін Еуропа лидерлерінің  әңгімеге қосылғанын атап өтті. Әңгімелесу бір жарым сағаттан

астам уақытқа созылған.

 

АҚШ президенті Трамп Аляскада Ресей президенті Владимир Путинмен кездескенін және негізгі талқыланған мәселелерді Зеленскийге хабарлаған.

Зеленский Украина, АҚШ және Ресей лидерлерінің үшжақты саммитін өткізу жөніндегі Трамптың ұсынысын қолдады. Ол келіссөздердің барлық кезеңіне еуропалық әріптестердің қатысуының маңызды екенін атап өтті.