Зеленский: Путин Украинаға қарсы соғысты әдейі созып жатыр

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Владимир Путин соғысты әдейі созып, шынайы бітімге мүдделі емес, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
«Путин соғыс пен адам өлтіруге тәуелді. Оны тек күшпен тоқтатуға болады», — деді Зеленский 10 шілдеде Римде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, келесі жылы Ресей соғысқа 300 миллиард долларға дейін жұмсауы мүмкін, ал армия саны 1,5 миллион адамға дейін өсуі ықтимал.
Сондай-ақ, Зеленский қазіргі кезеңде Мәскеумен ешқандай келіссөз жүргізілмейтінін және санкциялар мен халықаралық қысымды күшейту қажет екенін айтты.
Ол тіпті Дональд Трамптың өзі Кремльдің соғысты тоқтатуға ниеті жоқ екенін мойындайтынын атап өтті.
