“Жақсы әйел алмаған еркек ешқашан байымайды”. Омар Жәлел жастарға ақыл айтты
Абайтанушы, ғалым Омар Жәлел жас жігіттерге ақыл-кеңесін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған Altyn-orda.kz
Оның айтуынша, ер жігіт жақсы әйелге үйленгенде ғана бай-дәулетті болады.
Қашан бай боласың? Жақсы әйел алғанда ғана баисың. Жақсы әйел алмаған еркек ешқашан байымайды, — деді ол.
Әзілкештер “Омар аға, сіз неше есе байсыз?», деп сұрады.
Мен 10 есе баймын деп жауап берді. Анадолы түріктерінің “Еркек — сел, қатын — көл” деген сөзі бар. Таудан аққан сел сияқты қанша мал тапса да, қатыны болмаса, сол су жиналатын көлі болмаса, оның бәрі ағып кетеді. Ер адамның баюуы әйелге байланысты. Қысқасы, жақсы әйел алмай, қанша тыртыңдасаң да байымайсың, — деп жауап берді Омар Жәлел.