Жалған Арнайы жедел әрекет ету отрядының (СОБР) формасын киген жігіттермен жүріп тұрғындардан ақша бопсалаушы Экополиция

Жалған Арнайы жедел әрекет ету отрядының (СОБР) формасын киген жігіттермен жүріп тұрғындардан ақша бопсалаушы Экополиция

Жалған Арнайы жедел әрекет ету отрядының (СОБР) формасын киген жігіттермен жүріп тұрғындардан ақша бопсалаушы Экополиция.

21.04.2023 ж. кешкі сағат 23:00 шамасында Түркістан облысы, Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі Айша ЖШС қорық аймағында Келес аудандық экополиция инспекторы Сапарбаев Жанболат қасына жалған Арнайы жедел әрекет ету отрядының (СОБР) киімдерін киген жігіттермен келіп, Айша ЖШС қорықшысы Нысанбаев Жангелдіні және қасындағы жігіттерді қан жоса етіп сабаған.

 

Жанжалдың шығу себебі, Сапарбаев Жанболат «Біз облыстық бас полиция генерал-майор Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жүрміз, сендер балық аулап жүрсіңдер» деп қорқытқан. Айша ЖШС қорықшысы Нысанбаев Жангелді арнайы жасақ киімдерін киген жігіттерден рұқсатнама көрсетуін талап еткен. Сол кезде аудандық экополиция Сапарбаев Жанболат қолындағы қарумен қорқытып, ұрған. Сол уақытта есінен танған Айша ЖШС қорықшысы Нысанбаев Жангелдіні ауыл жігіттері аудандық ауруханаға жеткізген. Қазіргі таңда Келес аудандық экополиция инспекторы жалған арнайы жасақ әкеліп, заңды қорықшыны бопсалап ұрғаны үшін аудандық полицияға арыз жазылды. Алайда тексеріс дұрыс жүргізілмей жатыр.

Осы мәселені облыстық бас полиция генерал-майор Мұрат Қабденов жеке бақылауына алса екен.

Жалған Арнайы жедел әрекет ету отрядының (СОБР) формасын киген жігіттермен жүріп тұрғындардан ақша бопсалаушы Экополиция

Автор: Нысанбаев Жангелді, Түркістан облысы