«Жаман болмайды деп ойлаймын”: Жезқазғандық азамат Қазақстан жерін тұтастай Ресейге беруді ұсынды
Ұлытау облысында өзін желіде жезқазғандық Александр Сергеевичпін деп таныстырған азамат Қазақстанның жерін тұтастай Ресейге беруді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адам еліміздің солтүстігін Ресейдің территориясы деп санайтынын алға тартқан.
“Ресейге қосу керек болса, солтүстікпен бірге барлық аймақты қоссын. Жаман болмайды деп ойлаймын”, – деген ол.
Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде тараған соң, Қазақстанның жерін тұтастай Ресейге беруді ұсынған азамат сол күні мас болып , әзілдеп айттым деп ақталған. Алайда Жезқазғанның бірнеше тұрғыны оны жауапқа тартуды талап етті.
“Мұндай сепаратистік көзқарасты адамннан қоғамды қорғап, Қазақстан азаматтығынан айыру керек”, – деген тұрғындар.
Ал Ұлытау облысының прокуратурасы қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментімен сотқа дейнгі тергеуді тіркеу үшін құжаттар жинақталып жатқанын жеткізді.