Жәмила Серкебаева Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Бүгін Алматы қаласындағы №125 орта мектепте орналасқан №301 сайлау учаскесінде танымал скрипкашы, Қазақстанның халық артисі Жәмила Серкебаева азаматтық міндетін орындап, таңдау жасады.
Өнер иесі ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысып, әр азаматтың дауысы мен таңдауы ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.
Жәмила Серкебаева үшін сайлауға қатысу – азаматтық ұстанымын білдірумен қатар, қоғам өміріне белсенді араласудың және ел болашағына бей-жай қарамаудың маңызды қадамы.
Сайлау учаскесінде дауыс беру рәсімі белгіленген тәртіпке сәйкес өтті. Халық таңдау жасап, елдің ертеңіне қатысты ұстанымдарын білдіріп отыр.










