Жаңа жылдан бастап мобильді аударымдар бақылауға алынады
Қазақстанда салықшылар жаңа жылдан бастап мобильді аударымды да бақылайды, деп хабарлайды ktk.kz ке сілтеме жасаған sn.kz
Егер айына бір шотқа жүзден астам аударым жасалса және осындай көрсеткіш үш ай қатарынан қайталанса, Мемлекет кірістері комитеті жеке тұлғадан салық талап етуге құқылы.
Әзірге бұл мемқызметкерлер мен олардың жұбайының шотына түскен ақшаға қатысты. Ал екінші кезеңге квазимемлекеттік сала қызметкерлері ілігеді. 2025 жылы үшінші кезеңде жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бақыланса, 2026 жылдан бастап барлық қазақстандықтың ақшалай аударымы туралы мәлімет комитеттің қарауына түседі.
Дегенмен курьерлер мен такси жүргізушілері қазірден әрекетке көшкен. Олардың арасында тұрғындардан қолма-қол ақша талап етіп жүргені көп.
“Таксистер бар бізде, яндекс, индрайвер, юбер, қосымша тағы басқа өзінөзі жұмыспен қамтамасыз етіп жатқан адамдар бар. Осы платформалармен біз қазіргі күні келісімге келіп жатырмыз. Алынатын ақша, бәрі қандай бақылауда болады. Платформалардың жүйесі арқылы өтетін болады. Сол кезде қаншама табысы бар, платформа өзі санап, салығын біздің органға, бюджетке аударып отырады. Салық төлеуші оны білмейді, оған қолайсыз жағдай болмайды”, –дейді мемлекет кірістері комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов.