“Жап-жас маман еді”: Денсаулық сақтау министрі фельдшердің қазасына үн қатты

Алматыда қызметтік сапар барысында қаза тапқан жас фельдшердің өлімі көпшіліктің жүрегіне ауыр тиді. Марқұм небәрі 23 жаста ғана болған. Денсаулық сақтау министрі  Ақмарал Әлназарова    оның тағдырына қатысты арнайы жазба жариялап, қазаға қайғыра көңіл айтты деп хабарлайды  Altyn-orda.kz

Министрдің айтуынша, фельдшер өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары маман болған. Ол адамдардың өмірін сақтап қалу үшін күн-түн демей еңбек еткен жас маманның өлімі бүкіл медициналық қауымдастық үшін үлкен қайғы екенін атап өтті.

«Қызмет жолын жаңа ғана бастап, халқы үшін аянбай еңбек еткен жап-жас маманнан айырылып қалу – ауыр қаза. Отбасына, жақындарына көңіл айтамын», – деп жазды министр.

Қайғылы оқиғаға байланысты тиісті органдар тексеріс жүргізіп жатыр. Ал марқұмның әріптестері мен оқытушылары оны еңбекқор, мейірімді, үлкен жүректі адам ретінде еске алды.