«Жеңіл жүрісті қыздардың маскасы болды». Айнұр Жүгінісова тоқал болу үшін хиджаб киетіндер туралы айтты

Қоғам қайраткері, продюсер, ағайынды Жүгінісовтердің анасы Айнұр Жүгінісова хиджаб киетін қыздарға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды      El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған Altyn-orda.kz

Айнұр Жүгінісова өзін мешітке жиі шақырып, түрлі қиындықты басынан өткерген қыздарға ақыл айтуын сұрайтынын айтты. Оның айтуынша, хиджаб киіп, қара жамылып жүрген қыздар қиындықтан шығу үшін осындай қадамға барады.

Дінді дінмен емдемейді. Қателескен адамдарға мейірім ғана керек. Мейіріммен ұлттық кодты ояту керек. Ұлттық код оянған кезде ол бала бір жылап алып, кимешек киюге көшеді. Ол баланың ешқандай кінәсі жоқ. Өйткені, оған шешесі не әжесі айтып түсіндірген жоқ. «Қызым, сен күйеуге шығасы, әурет жеріңді жауып, кимешек киесің» деп айтқан жоқ. Еркіндікке жібергенде қайда бараарын білмей қалды. Жамылғымыз келді, бірақ не жамыларымызды білмейміз. Ал сол кезде қолжетімдісі хиджаб болды. Бәрі киіп алды. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді демекші, біреуі мода қылып киді. Тәсілдері көп екен, айтуға да қорқынышты. Бірақ қоғамда бар екен, — деді Айнұр Жүгінісова Назым Жанғазыға берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қоғамда жеңіл жүрісті қыздардың өзі хиджаб киіп, біреудің тоқалы болып тиіп алған жағдайлар жетерлік.

Жеңіл жүрісті қыздардың маскасы болды. Міне, біреуге хиджаб  маска болды, біреу шынайы жан дүниесі қалап киді, бірақ не жамылу керегін білмей киді. Ал біреу біреуге мәжбүрлеп кигізді, — деді Айнұр Жүгінісова.