Жетісу облысында 8-сынып оқушысы мен мұғалім төбелесіп қалды
Жетісу облысында оқушы мұғаліммен жаға ұстасып қалды. Бұл ақпаратты өңірдің прокуратурасы растап отыр, деп жазады ҚазАқпарат.
Оқиға Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласындағы мектептердің бірінде 14 сәуірде болған.
«Сабақ арасындағы ұзақ үзіліс кезінде мұғалім мен оқушы арасында кикілжің туындаған. Ұстаз оқушыға ескерту жасаған, ал бұл жайт балаға ұнамаған көрінеді. Мұғалім аурухананың көмегіне жүгінбеген, полиция қызметкерлеріне арыз жазудан бас тартқан. Ауданның прокуратурасы барып, мектепте профилактикалық жұмыс жүргізді. Ал оқушының ата-анасы баласын басқа аудандағы мектепке ауыстыру жөнінде шешімге келді. Жауапты мекемелер оқиғаны қадағалауға алды», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, мұғалімге жұдырық ала жүгірген оқушы 8-сыныпта оқиды.