«Жүдеп кетіпті»: Ауруханадан шыққан ақын Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы жұртты шошытты
Ақын Ораза айт мерекесін Отанында қарсы алды. Айтыстағы әріптестері Жүрсін Ерманның шаңырағында бас қосты. Бұл туралы айтыскер Қазірет Бердіхан өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
“Өзбекстаннан Талғат Орынбек деген тамаша талант, айтыскер бауырымыз Жүрсин Ерман көкемізге амандаса келіпті. Көкеміздің денсаулығы жақсарып, далаға шығып, таза ауа жұтіп жүрміз. Айт күні айтысқа қатысы барлардың біразы Жүрсін көкеміздің шаңырағында бас қосты! Мұхтар Ниязов айтпақшы, айттан айтқа, айтыстан айтысқа аман жете берейік”, – деп жазба жариялады айтыскер.
Ақынның жүдеп кеткенін байқаған желі қолданушылары да барынша қолдау білдіріп, тілектес екендерін жеткізді.
“Жүдеп қалыпты, Алла қуат берсін”, “Ағамыз шөгіп кетіпті. Ауру дендетіпті”, “Сауығып, аттай шауып кетсін”, “Жаман шал» болу үшін бір ауру жеткілікті екен ғой. Жүкеңе құдай қуат берсін”, “Жүрсін ағаның рухы мықты! Ауруды аударып тастайды”, – деп жазды желідегілер.