Жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, нақыл сөздерді балабақшада пайдалану

 Мазмұны
Кіріепе
І тарау. Балаларға халық ауыз әдебиетінің жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдерін таныстыру.
1.1. Мақал мен мәтел, нақыл сөздер – тәрбие құралы.
1.2. Жұмбақтың дүниетанымдық өнегелік маңызы.
ІІ тарау. Тіл дамытудағы шағын жанрлардың маңызы.
2.1. Жұмбақ, жаңылтпаштарды балаларға үйрету арқылы, адамгершілікке, әдептілікке, еңбек сүйгіштікке және білімділікке тәрбиелеу.
2.2. Мақал мен мәтелдің өзіндік ерекшеліктері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

І тарау. Балаларға халық ауыз әдебиетінің жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдерін таныетыру.
1.1. Мақал мен мәтел, нақыл сөздер – тәрбие құралы.
Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне ауыз шеліктері мен өзгешеліктері бар. Ең ал обрызының әдебиеттік жағынан алғанда, мақал үлкен. толғау еді арқылы берілген логикалық ой қорытындысы болып адам өмірінде, тұрмыс-тіршілікте, қоғамдық оқиғада кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи мәні оларға берілген даналық баға, тұжырымды түйіи. Қолданылады. М. Горькийдің «Мақал мен мәтел
тәжірибелерін үлгілі, қысқа түрде айтып береді»,— деуі осыдан.
Қандай мақалды алсақ та, оның шығуына үлкен уақиға, мәнді әңгіме себеп болған. Мақал соларға берілген баға, жасалған қорытынды, яғни «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» есебінде жүреді. Халық аз сөзге көп мағына сыйдыра отырып, өзінің өмірінде көргендерін, бастан кешірген кезеңдерін, алған тәжірибелерін мақал арқылы айтып береді. Бұл жағынан алғанда, көптеген мақалдар ақыл-өсиет, нақыл сөз есебінде қызмет атқарады.
Мақалды тудырушы — еңбекші халық. Ол халық данышпандығының алтын қазыналы мұрасы болып табылады. Бұдан, әрине, барлық мақалды халық шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді, мақал да таптық ой-санадан, таптық көзқарастан туған. Мақалдарды үстем тап та шығарып, оған таптық идеясын қосқан, идеологиялық құрал еткен. Мәселен, «Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін», «Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас», «Алтын басты әйелден, бақа басты бала артық» деген сияқты үстем тап адамдары шығарған мақалдар халықтың тілегіне, көзқарасына мүлде жат, жанаспайды. Сондықтан оларды еңбекші халық қабылдамаған. Мақалдар халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне, еңбегі мен тәжірибесіне байланысты туғандықтан, оның тақырыбы да орасан көп. Бұл ретте мақалға қосылмаған нәрсе жоқ деуге болады. Халықтың тұрмыс – тіршілігі, әдет-ғұрпы мен салты, дүние танудағы көзқарасы, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен қайғысы, айтатын ақыл — өсиеті, үйрету мен үкімі, қысқасы халық өмірінің барлық жақтары — мақалдардың басты тақырыбы болып отырады.
Халық мақалдарының тақырыбы олардың ішінде ең күрделі бір саласы адам баласының еңбек ету жайларына арналған. Бұл тектес мақалдардан халықтың еңбек жайындағы көзқарасы байқалады. Еңбек адамды мақсат-мұратқа жеткізуші, абырой әперетін іс екендігін халық мақалдары арқылы дәлелдеп көрсетеді — «Еңбегі бардың — өнбегі бар», «Еңбек түбі береке» деп, халық адал еңбекті ардақтайды. Дүние — байлық, шат өмір еңбек арқылы болатындығын, адамды тек еңбек қана қатарға қосатындығын суреттейді. Еңбек етпеген адамды, жатып ішер жалқауларды халық өзінің мақалы арқылы сынға алады, теңейді. Бұған «Еңбегі аздың — өнбегі аз», «Еріншектің ертеңі таусылмас» деген мақалдарды келтіруге болады.
Мақал-мәтел, нақыл сөздер — халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекетіне, мінез-құлқына жасаған бақылауларынан туған дана сөздері. Бұларды педагогтар балаларды жан-жақты дамыту құралы ретінде пайдалануына болады. Мысалы, бақшадағы балалардың ойын, еңбек про-цесінде бір-бірімен келісе алмай, педагогке шағым жасайтын кездері болады. Мұндайда педагог баланың шағымын мұқият тыңдап алып, «Шағым жасау — шалдуарлық» деген мақалды естеріне түсіреді әрі бала өзінің теріс іс істеп тұрғанын сезінетіндей үн ырғағын, дауыс екпінін өзгерте айтады. Балалардың іс-әрекетіне тұжырым жасау, ескерту ретінде «Тентектіктің дәлелі көп» деген сияқты мақал-мәтелдерді айтуға болады.
Осы мақсатты көздей отырып, төменде біраз мақал-мәтел, нақыл сөз үлгілерін педагогтардың мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында пайдалануына ұсынып отырмыз. Педагог ауыз әдебиетінің осы үлгілерін тақырып-тақырыпқа бөліп, тәрбие ісінде орынды қолдана білгені жөн.
Туған жердей жер болмас, Оқу — білім бұлағы,
Туған елдей ел болмас Білім — өмір шырағы
Отан оттан да ыстық Күш — білімде.
Бірлік болмай, тірлік болмас Еңбек ерлікке жеткізер.
Ынтымаң түбі — игілік.
Тірлік, тірлік түбі — бірлік.
Мақал мен мәтелдер көбінесе сабырлы салмақты ырғақпен, өлеңдік өрнекпен де шешендік тілмен, қара сөзбен нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері. Мақал, негізінен екі бөлімнен (көбінесе екі тармақтан) құралады. Бірінші бөлімде пайымдау (айтатын ойдың түп негізі) екінші бөлімде ой қорытындысы айтылады. («Еңбек етсең, емесің»). Тура мағынада («Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»), ауыспалы мағынада («От жақпаған үй — қорамен тең, адам кірмеген үй — моламен тең») қолданылатын мақалдарды, көбінесе халық шығарған. Жыраулар мен ақындар, ел басылары, батырлар, зиялы адамдар шығарған (авторы белгілі) мақалдар мен мәтелдер де баршылық.
Мәтелдер, негізінен, тұжырымы тұспалдау, елеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады («Өлең — сөздің патшасы»), «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда»), т. б.
Мәтелдер де тура мағынада («Қадіріңді білгенге жұмса») және ауыспалы мағынада («Тікен гүлін қорғайды») айтылады.
Қазақ халқы — сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне парықтап пайдалану — дәстүрге айналған. Әсіресе, қариялар мақалдап, маңызды сөйлеуді — борышым деп санайды. Мақалсыз, мағынасыз сөйлеген қарт адамның сөзінің қадірі шамалы сияқты көрінеді. Қазақ халқы — сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне парықтап пайдалану — дәстүрге айналған. Әсіресе, қариялар мақалдап, маңызды сөйлеуді — борышым деп санайды. Мақалсыз, мағынасыз сөйлеген қарт адамның сөзінің қадірі шамалы сияқты көрінеді.
Қазақ халқы — сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне парықтап пайдалану — дәстүрге айналған. Әсіресе, қариялар мақалдап, маңызды сөйлеуді — борышым деп санайды. Мақалсыз, мағынасыз сөйлеген қарт адамның сөзінің қадірі шамалы сияқты көрінеді.
Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбісі елдікті, ынтымақты, бірлікті, адамгершілікті, инабаттылықты қамтиды. Мысалы:
Ер туған жеріне.
Өз үйім — өлең төсегім
Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Отан — оттан да ыстық.
Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдер:
Өжет адам өлімді жеңеді.
Ер бір өледі,
Қорқақ мың өледі.
Қару күшті емес,
Қару ұстаған күшті.
Белдескеннің белін сындыр,
Тірескеннің тізесін бүктір.
Қара бет болып қашқаннан,
Қайрат көрсетіп өлген артық.
Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер:
Өнерлі өрге жүзеді.
Өнерді үйрен де, жирен.
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
Өнерліге өлім жоқ
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Төрт түлікке байланысты мақал-мәтелдер:
Қойдың сүті — қорғасын,
Қойды соққан оңбасын
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
Ееі кеткен ешкі жияр,
Ешкісімен есін жияр.
Нар жолында жүк қалмас.
Екі аяқтыда бажа тату,
Төрт аяқтыда бота тату.
Ат ерінді келер,
Ер мұрынды келер.
Сиыр сипағанды білмейді,
Жаман сыйлағанды білмейді.
Егіншілікке байланысты мақал-мәтелдер:
Жері байдың — елі бай.
Арпа, бидай ас екен.
Алтын, күміс тас екен.
Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
Егін ексең тыңға,
Шықтым дей бер шыңға.
Адамгершілікке байланысты мақал-мәтелдер:
Жақсының жаттығы жоқ.
Жақсыда кек жоқ,
Кектіде тек жоқ.
Жаман болса туысың,
Туыспай-ақ құрысын.
Төеектің тарлығы — тарлық,
Көңілдің тарлығы — қорлық.
Әлсіз ат сүріншек, Ақылсыз адам еріншек.
Тәні еұлу — сұлу емес,
Жаны сұлу — сұлу.
Адам болар баланың
Кісіменен ісі бар.
Адам болмас баланың
Кісіменен несі бар.
От басында ата-аналар бала тәрбиесіне лайықтап іс-әрекет, пікірлесу, пікірсайыс кезінде өнеге, өсиет ретінде: ана тілін алмасаң, арың кетеді; әке — тірегің, ана жүрегің: бірінші байлық — денсаулық; сабыр түбі —: сары алтын, еріншектің ертеңі таусылмайды; көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса, асыңды тый; іс істесең ретін тап; ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың, ырысы бар; бір үйдегі бәрің де бір-біріңе меймансың; ас ішсең — аяғыңды жина; ашу — дұшпан, ақыл— дос; ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық; әке тұрғанда бала сөйлегеннен без; әдептілік — әдемілік, қыз қылығымен жағады, бала жақсы болса — бала, жаман болса — пәле, т. б. мақалдарды жиі айтады.
Баланың өмір тәжірибесі аз, сондықтан оған айтатын ақыл-насихат, өнеге-өсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болу керек. Сол мәнді сөздер — мақалдар мен мәтелдерді орынды пайдаланған ата-ана ой қозғап, ақылға қонымды сөздер айту арқылы баланы тәрбиелейді және санасын арттырады. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, баланы ана тілін ардақтауға үйретіп, ой қисындарын сөз жүйесіне келтіре алу қабілетін дамыту үшін, ата-ананың мақалдан сөйлеуінің мәні зор. Мақалдың да мақалы бар, кейбір ескірген, қазіргі өмірге қолдануға қолайсыз, тіпті теріс тәрбиелейтін мақал-мәтелдерді пайдаланудан сақ болу керек. ¥лы Абай «жиырма тоғызыншы» сөзінде: «Жарлы болсаң, арлы болма», «Атың шықпаса, жер өрте», «Ата-анадан мал тәтті», т. б. зиянды мақал-мәтелдердің құдайшылыққа жарамайтынын айтады.
Балабақшада тіл үстарту, тіл ширату сабақтарында балдырғандарға мақал, мәтел туралы түсінік беріліп, оларды қолданудың қажеттілігі туралы айтылады. Мысалы: «Әке — тірегің, ана — жүрегің» деген мақалдың мәні, мазмұны ондағы жеке сөздердің мағынасы туралы сүрақ-жауап тәсілін қолданып, тәрбиеші балдырғандардың түсінігін байқап, ұғымын байытады. Осы мақалдың мән-мағынасын терең ұғындыра түседі, балдырғандарға ана, әке туралы тақпақтарды жаттатып, айтқызады.
Балаларды халық даналығы мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтар жатқа айта білуге үйрету, тіл байлығын, ой-өрісін, сана-сезімін дамыту, адамгершілікке, Отанның, елін сүйгіштікке, кішіпейілдікке, тәрбиелеу мақсаты сабақта көзделген.
Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа
ауысып келген. Олар келелі ой, кең мазмұнды бірақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Мақалдарда ой тұжырымдалып, даналық қорытынды, түйінді пікір түрінде айтылады. Мысалы: Кең болсаң, кем болмайсың. Әзіл айтсаң да , әділ айт. Бидайдың кеудесін көтергені -дақыл жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені — ақыл жоқтығы. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің мәнін келтірер. Мақал-мәтелдердің басты тақырыптары Отан, Туған жер, Еңбек, Бірлік, Оқу-білімге байланысты.
Хрестоматия бойынша оқушылар әр тақырыпқа жазылған; мақал-мәтелдерді оқиды. Мәтелдердің ой-пікірі ; мақалдардағыдай тікелей кесіп айту түрінде емес, жанамалап ; нұсқай салу (ишара) түрінде айтылады. Мысалы: Айдағаны екі-ақ ешкі, ысқырғаны жер жарады. Фольклорист М.Әуезов : қазақ мақалдары мен мәтелдерінің көпшілігі өлең түрінде келетіндігін, ондағы асеонане, аллитерациялардың мол болатындығын атап көрсеткен. Мысалы: Туған елдің қадірін
Шетте жүрсең білерсің.
Тепкі көріп тентіреп,
Текке жүрсең білерсің.
Сол сияқты «Тозған қазды топтанған қарға алады», «Сұлу сұлу емее, сүйген сұлу». Аталған мақал-мәтелдердің көркемдік құны — олардың ұйқастары мен ырғақтарында.
М а қ а л-м ә т е л, ж ұ м б а қ, ж а ң ы л т п а штармен жұмыс. Балалардың тілін, ойын дамытуда мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштардың маңызы жөніндегі мәселе өз алдына зерттеуді қажет етеді. Дегенмен біз бул жерде баланың ойын жетілдіре отырып, тілін дамытуда мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың, жаңылтпаштардың орасан зор маңызы бар екенін айта кетуге тиіспіз.
мен ырғақтарында Мақал-мәтелдер — тәрбиелік мәні күшті, балаларды жарлылыққа баулып, жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз. Сондықтан сабақ барысында әр мақалдың мағынасы талданып, соған қарай белгілі бір қорытынды жасалады.
Мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштарды оқыту арқылы тіл ұстарту жұмыстары туралы мақал-мәтелдердегі терең мағыңалы ой-пікірлер мәтіндердің мазмұнымен байланысып, тақырып тынысын күшейте түседі. Мысалы, 4-сыныпта „Елдің ері» әңгімесін оқығаннан кейін, „Ерлік білекте емес, жүректе», „Батыр туеа, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы», „Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады» мақалдары талданып, мән-мағынасы түсіндіріледі. Мұнда ерлік деген күшпен, төбелеспен емес, ақылмен, жүрекпен келетін қасиет екені, елді ерлер, батыл, батыр адамдар қорғайтынын; ондай ерлері бар елдің халықтың бақытты екені ұғындырылады… Бұлар оқушыларды жаман қасиеттерден сақтандырып, жақсы қасиеттерге үйір болуға шақырады. Жақсы адамдардың өнегелі өмірдегі эстетикалық қасиетін ашып, оны оқушылар бойына сіңіруге ықпал жасайды. Әрбір мақал-мәтелдің мағынасын талдағанда, оқушыға мәтін мазмұны түсінікті және естерінде жақсы сақталатын болады. Сонымен қазір мақал- мәтелдерде тіршілік құбылыстары айтылып та, жазылып та жүр.Мақал-мәтелдердегі терең мағыналы ой-пікірлер мәтіндердің мазмұнымен байланысып, тақырып тынысып күшейте түседі. Мысалы, 4-сыныпта „Елдің ері» әңгімесін оқығаннан кейін, „Ерлік білекте емес, жүректе», „Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы», „Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады» мақалдары талданып, мән-мағынасы түсіндіріледі. Мұнда ерлік деген күшпен, төбелеспен емес, ақылмен, жүрекпен келетін қасиет екені, елді ерлер, батыл, батыр адамдар қорғайтынын; ондай ерлері бар елдің халықтың бақытты екені ұғындырылады… Бұлар оқушыларды жаман қасиеттерден сақтандырып, жақсы қасиеттерге үйір болуға шақырады. Жақсы адамдардың өнегелі өмірдегі эстетикалық қасиетін ашып, оны оқушылар бойына сіңіруге ықпал жасайды. Әрбір мақал-мәтелдің мағынасын талдағанда, оқушыға мәтін мазмұны түсінікті және естерінде жақсы сақталатын болады. Сонымен қазір мақал-мәтелдерде тіршілік құбылыстары, адамдардың іс-әрекеті мен арасындағы қарым-қатынас туралы пікір бейнелі түрде беріледі.
1.2. Жұмбақтың дүниетанымдық өнегелік маңызы.
Балаларға мақал-мәтелдерді үйрету арқылы олардың тілін ұстарту жұмысы жүйесіз, негізен бағытсыз, кездейсоқ іске асырылмайды. Бастауыш сынып кезеңі — баланың сөздік қоры байитын, байланыстырып сөйлеуге үйренетін кезең. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келе жатқан үлгілерінің бірі — мақал-мәтелдерді меңгерту нвқты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ойқиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертегілердің алуан түрлерін шығарған. Ертедегі жұмбақтар:
Апаң, апаң,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз
сияқты, көбінесе мал шаруашылығына байланысты және:
Сумбіл теректі,
Жасыл желекті,
Ерден қалмайды:
Жауға керекті сияқты қару-жарақ, құрал-саймандар туралы болған.
Заман өзгерген сайын, халың педагогикасы жаңа мазмұнды жұмбақтармен толыса берді. 19-—20 ғасырларда бу машиналары, электро-техника, радио, телеграф, самолет, ракета, космос кемелері, т.б. техни-калық, мәдени прогрестерге байланысты жұмбақтар туды.
Самұрын құс самгады,
Көктен өтіп, Айға жетіп
Жеңілдеді еалмағы.
ЖОЛҺІ — темір,
Жалы — темір
Шымыр атты
Зымыратты..
Көкшіп айна үйдегі, естіді киноны.
Темір сирақты,
Алып жирафты
Жұмсап көр енді
Үй сап береді.
Жұмбақтарды Аристотель «Жан-жақты жымдасқан метафора» дейді, Яғни затты бейнелеп, баламалап сипаттау арқылы ұқсас заттардың қасиеттері мен түріне, аумағына, көлеміне зер салып, жұмбақты шешуші жұмбақты шешеді, әрі заттарды салыстыра көз алдына елестетіп, дүниетанымдық қабілетін дамытады. Жұмбақтар, көбінесе үйлесімді үйқасы әсем де ырғақты өлеңмен құрылады. Қара сөзбен жасалған жұмбақтар да бар. «Отқа жанбас, суға батпас» (мұз) айтыс түрінде құрылған, яғни жұмбақ айтыстарын екі ақын шығарып бірі өлеңмен жұмбақ айтса, екіншісі …