Журналист Динара Егеубаева үйінің ауласында ұлына қарулы шабуыл жасалғанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Журналист оқиғаның Алматыда болғанын айтады.
«Менің ұлыма тапаншамен шабуыл жасады. Ол (ред. ұлы) – Еуроодақтың азаматы», – деп жазды Егеубаева.
Қалалық полиция департаменті бұл деректің тіркелгенін хабарлады.
«Істің мән-жайын анықтау үшін кешенді шаралар қабылданды. Бұл істі полиция департаментінің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Динара Егеубаеваның көлігі өртеніп кеткен еді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында мұны қасақана жасауы мүмкін екенін айтқан. Кейін бұл іске қатысты 5 жасөпірім ұсталды. Полиция олардың бұйрықты интернет алғанын мәлімдеді.

