Жылқының көзін байлап, баспалдақтан түсірмек болған: Шымкент тұрғыны жауапқа тартылды
Шымкентте сүндет тойда жылқыға қатыгездік көрсеткен тұрғын жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіде тараған жылқыға қатыгездік танытқан бернеше ер адамды анықтады. Олар жануардың көзін байлап, баспалдақтан түсірмек болған. Құлап кете жаздаға жануарға иесі қатыгездік көрсетіпті.
«Бұл дерек 8 қазан күні Абай ауданындағы мейрамханалардың бірінде «Сүндет той» кезінде орын алып, жылқының иесіне қатысты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 407-1 «Жануарларға қатыгездік” бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды», – деп хабарлады полиция.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видео zhest_kz инстаграм парақшасынан алынды