АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақ қыздарын асырап алған америкалықтар Астанада тұрады[:]

[:kz]

 

 Қазақстандық режиссер Қанат Бейсекеев 2000 жылдардың басында Тараз қаласынан екі қызды асырап алған америкалық Рамона мен Кей Стайстар туралы фильм түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл фильмді Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының «Қазақстандағы америкалықтар» жобасы аясында түсірдік. Фильмге кейіпкерлер іздеген кезде Назарбаев Университетінде Кей Стайс деген мұғалімнің бар екендігін, отбасымен келгендігін айтты. Одан кейін оның Астанада жұбайымен және 2000 жылдардың басында Тараздан асырап алған екі қызымен тұратындығы белгілі болды. Қазақстаннан асырап алынған балалардың Америкадан Отанына оралуы өте сирек кездесетін жайт. Сондықтан мен олар туралы шағын картина түсіруге шешім қабылдадым», — деді Қанат Бейсекеев.

 

Оның айтуынша, америкалық отбасының Қазақстанға келгеніне 2 жыл болған.

«Қыздар Астанадағы интернационалды мектепте оқиды. Фильмді өткен жылдың күзінде түсіре бастаған едім, ал ЭКСПО аумағындағы көріністі таяуда түсіріп, аяқтадым», — деді режиссер.

Стайстар көп балалы отбасы, олардың 7 баласы бар. Оның 4-еуі өз кіндіктерінен тараса, бесінші қыз баланы Қытайдан, тағы екі қызды Тараздан асырап алған. Олар  интернациональды отбасы, 9-10 тілде сөйлейді. 70-шы жылдары Рамона Стайс Гонконгта ерікті болып жұмыс істеп, Азияға көп саяхат жасаған. Рамона мен Кей Гонконгте жүрген кездерінде 4,5 жастағы қызды асырап алмақ болып, бірқатар елді қарастырған.

«Қандай да бір себептермен әйелімнің назары Қазақстанға ауды. Мүмкін отбасылықы дәстүр мен жоғары адамгершілік қасиеттерге байланысты шығар», — деді Рамона фильмде.

Қыздарға Тараз және Камила деген ат берілген.

«Біз қыздарымыздың  шыққан тектері, туған қалалары естерінде болуын қаладық. Сондықтан қыздарымыздың біріне Тараз-Аина деген ат бердік. Камилә атын таңдағанға дейін біраз есімді қарап шықтық», — деді қыздардың анасы Рамона

Кей Стайс қыздары үшін Қазақстанға келудің барлық мүмкіндіктерін іздеген. Қазақстанда жұмыс істеу мүмкіндігі пайда болғанда әйелімен бірге еш ойланбастан Астанаға келген.

Қыздар қазақ және орыс тілдерін үйреніп жүр және болашақта қазақ-америкалық стильде тұрмысқа шыққылары келеді. Өйткені оларға қазақтың ұлттық киімдері мен дәстүрі, мәдениеті  қатты ұнайды.

Автор: Марлан Жиембай

ҚазАқпарат 

[:]