[:kz]
Қазақ тілі мұғалімі, Өзбекстаннан келген этникалық корей Қазақстаннан кеткісі келмейді, деп хабарлайды inbusiness.kz ақпарат агенттігі Express-k.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, Сергей Хванның мәлімдемесі әлеуметтік желіні жарды. Қазақстан «бюрократиялық сұмпайы үйрек»-тен «цифрлы аққуға» айналды.
Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде Сергей Хванның жазбасы пайда болған еді. Онда Өзбекстаннан келген корей жігіті Қазақстаннан кеткісі келмейтінін жазған болатын.
Басылымның хабарлауынша, Сергейдің жазбасы халықты бей-жай қалдырмады. Әлеуметтік желі пайдаланушылар өз басынан кешкен бюрократиялық қиындықтарды еске алған. Сонымен қатар өзге елде тұратын кейбір азаматтар Қазақстанда бар кейбір ыңғайлы қызметтер дамыған мемлекеттерде жоқ екенін жазған.
«Мүмкін мен ақымақ шығармын, бірақ мен Қазақстаннан кеткім келмейді», деп жазған Сергей Хван.
Өз жазбасында ол осы елде бар жақсы көрсеткіштерді тізіп шыққан.
Мәселен, оның айтуынша, Қазақстанда барлық жерде бақылау камерасы бар, көп мәселені үйден шыққпай онлайн шешуге болады. Үйде отырып, машина сатып, сақтандыру құжаттарын рәсімдеуге болады. Басылымның хабарлауынша, Сергей Хван пандемия кезінде бизнесінен айырылған, алайда ол 400 оқушыға онлайн түрде қазақ тілінен сабақ беріп келеді.
[:]