АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Қазақ тілінен сабақ бергісі келетін Богданға білім басқармасы жауап берді[:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде қазақ тілі пәнінің мұғалімі болуы үшін не істеу керектігін сұрап, видео үндеу жолдаған павлодарлық Богданның ниетіне көпшілік ризашылық білдіріп жатыр

Әлеуметтік желіде қазақ тілі пәнінің мұғалімі болуы үшін не істеу керектігін сұрап, видео үндеу жолдаған павлодарлық Богданның ниетіне көпшілік ризашылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz ке сілтеме жасаған Sn.kz порталы

Ол қазақ тілін білу өте маңызды деп санайды. Себебі, қандай жұмысқа орналасса да екі тілді мамандар үлкен басымдыққа ие болады, сондықтан Богдан мемлекеттік тілді үйренгісі келетіндерге мұғалім болсам деп армандайды екен. Қазақ тілін жақсы білетін ол осыған қатысты өз сауалын желіге жүктеді. Оның видеосы Іnstagram-дағы Типичный Павлодар парақшасында жарияланды.

Іле-шала құзырлы мекеме де әлеуметтік желі арқылы оған жауап берді.

Қайырлы күн, Богдан! Қазақ тілімізді меңгергеніңіз өте қуантарлық жағдай. Қазіргі таңда мектептерде жұмыс істеп жатқан өзге ұлт бауырларымыз бар, мұны құптап қолдаймыз. Дегенмен қазақ тілі маманы болу үшін педагогикалық мамандық болу керек. Педагогикалық мамандықты тәмамдаған соң, әріптестер қатарынан көреміз деген сенімдеміз. Ықпалдасамыз. Бізге білім бөліміне хабарлассаңыз болады, делінген Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жауабында.

[:]