АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақ зиялылары Арыстанбек Мұхамедиұлына араша сұрады[:]

[:kz]

Өнер қайраткерлері, ғалымдар мен ақын-жазушылардың бір тобы бұрынғы Мәдениет және Спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына араша сұрады. Хат бас прокурор Берік Асылов пен Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың атына жолдады деп, хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Қол қойғандар қатарында Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімов, ақын Мұхтар Шаханов, ҰҒА академигі Төрегелді Шарманов, КСРО халық артисі Бибігүл Төлегенова, әнші Мәдина Сәдуақасова және тағы да өзге танымал азаматтар бар.

«Ұлтым, жұртым, өнерім деп ішкен асын жерге қойған азаматтан елдің қаржысына қол салатын арсыз қылық шықпайтынына қарт жүрегіміз сенімді», — делінген хатта.

Бұрынғы Мәдениет және Спорт министрі, ҚР Ұлттық музейінің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 28 мамыр күні Ұлттық музейдің қаражатына қол салды деген айыппен қамауға алынған еді. Ел зиялыларының араша сұрап жолдаған хатын бұрынғы министр өзінің instagram парақшасында бөлісті.

«Адырна» ұлттық порталы 

[:]