АЛТЫНОРДА
Новости

1 желтоқсан күні Алматы көшелері жабылады

040730628Астана. 28 қараша. Baq.kz – Алматының Жаңа алаңы бірнеше күнге жабылады. Алаңда 1 желтоқсанда қаланың басты шыршасын жағу рәсімі өтеді.

Алматы қалалық Білім басқармасынан хабарланғанындай, әкімдік ғимаратының алдындағы алаң 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында жабылады.

29 қарашада таңғы сағат 8:00-ден бастап Сәтбаев және Желтоқсан көшелерінің қиылысы сахнаға жабдықтар орнатылып біткенге дейін жабылады.

30 қарашада 12:00-22:00 аралығында Сәтбаев көшесі Фурмановтан бастап Желтоқсан көшесіне дейін жабылады.

1 желтоқсанда 12:00-ден кейін Сәтбаев көшесі Фурмановтан бастап Желтоқсан көшесіне дейін толығымен жабылады. Сонымен қатар, осы күндер аралығында ескерткіш тұрған алаң тәулік бойы күзетіледі.
Естеріңізге саламыз, Алматы әкімі Ахметжан Есімов 1 желтоқсан күні сағат 19:00-де жұлдыздармен бірге қаладағы басты шыршаны жағады. Салтанатты рәсімге X-Factor музыкалық шоуының финалистері қатысып, ән шырқайды. Шараның соңында қонақтарға лазерлі 3D-шоу көрсетіледі.

 

http://baq.kz/kk/news/39983