Қарағанды облысының тумасы, 12 жастағы Тұрсынхан Еркін Ыстамбұлда балалардың Bala Turkvizyon халықаралық ән конкурсында екінші орын алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Bala Turkvizyon-Қазақстан ұйымдастырушыларының хабары бойынша, Bala Turkvizyon финалистерінің арасында Тұрсынхан «Түркі әлемінің алтын даусы» арнайы атағын алды. «Ересектер арасындағы Turkvizyon байқауының гранд-финалын тұңғыш рет ол «Самға» деген әнмен ашады және үш мың адамдық залда диплом алады. Қазақстанда Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры 8 маусым мен 20 қыркүйек аралығында елдің барлық өңірінде ұйымдастырған конкурсының ұлттық іріктеуі Халықаралық ұйымдастыру комитетінің шешімімен 22 ел арасында үздік деп танылды», — деді ұйымдастырушылар.
Bala Turkvizyon-Қазақстан ұйымдастырушылары «Жандану әлемі» қорының Тұрсынхан Еркінге арнайы жазылған жаңа әндер кіретін музыкалық дискіні басып шығаруға бас серіктес болатынын да айтып отыр.
Еске салайық, Тұрсынхан — Қарағанды облыстық өңірлік кастингінің жеңімпазы. Оның тәлімгері әрі продюсері әнші Нұржан Керменбаев. Bala Turkvizyon-Қазақстан финалына «Самға» атты ән жазылған.
http://kaz.tengrinews.kz/