АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЕЛІМІЗДЕ 7 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ АҚЫЛЫ БОЛАДЫ

d0b8d0b7d0bed0b1d180d0b0d0b6d0b5d0bdd0b8d0b5-195-1024x7682022 жылға дейін елімізде 7 мың шақырымнан астам жол ақылы болады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Самиғолла Оразов мәлім етті.
«Меніңше, 2022 жылға дейін 7 мыңнан астам автомобиль жолы ақылы болады. Бұл республикалық маңыздағы барлық жолдың шамамен 30 пайызын құрайды», — деді ол.
Оның атап өтуінше, аталған ақылы жолдардың барлығы ескі жолдарды жағырту не болмаса жаңа жолдар салу есебінен жүзеге асырылады. Олардың барлығы да 1-2 санаттағы 4 және 6 жолақты жолдар болады. «Бұл ретте, ең бастысы асыра сілтеушілікке жол бермеу қажет. Яғни, аталған жолдардың бойында тұратын халықтың зиян шекпегені өте маңызды», — деді депутат. Сонымен қатар С.Оразов жол жүру құнының да қолжетімді болуы маңызды екендігін баса айтты. «Шектен тыс жол жүру құнын арттырмау керек. Ол жоғары болса, транзиттік жүк Қазақстанды тыс айналып өтетін болады. Жалпы, елімізде салынып жатқан жолдардың барлығы да транзитке арналуда», — деді ол.

http://zhebe.com/