2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы өткізуге алты ел үміткер

6894ae02abc7672ba903bc744b089b49Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге тілек білдірген қалалардың өтініштерін қабылдауды аяқтады, деп хабарлады Sports.kz.

«Олимпиада ойындарын өткізуге тілек білдіргендердің қатарында: Қытай, Норвегия мен Швеция астаналары — Пекин, Осло және Стокгольм, сондай-ақ, Алматы қаласы, Украинаның Львов және Польшаның Краков қалалары бар», — делінген ХОК-тың ресми сайтында.

2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының астанасы 2015 жылы 31 шілдеде Куала-Лумпурде (Малайзия) өтетін ХОК-тың 127-ші сессиясында таңдалады.

 

http://bnews.kz/kk/news/post/171229/