АЛТЫНОРДА
Новости

2050 ЖЫЛЫ РЕСЕЙДЕ КІМДЕР ТҰРАДЫ?

«Ресейге қауіп төніп тұр». Бұл туралы Ұлттық стратегия институтының мамандары дабыл қағып отыр. Сонда орыстың сарапшыларын не алаңдатып отыр дейсіз ғой… 

Елге жыл сайын ТМД елдерінен миллиондап келіп жатқан сыртқы миграция осы қарқынмен ішке ене берсе, Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнуі мүмкін. Сарапшылардың зерттеуіне сенсек, гастербайтерлер 2050 жылға дейін осы ағыммен Ресейге келе берсе, 2050 жыл­дары ел халқының жартысынан астамын иммигранттар құрамақ.

Расында, Ресейге бет алған гастербайтерлер бара жұмыс тауып, артынан сол жерге тұрақтанып, орыс қыз­дарына үйленіп қалып қоюда. Тіпті Орта Азиядан отба­сымен көшіп келіп жатқандар жетерлік. Орыс зерт­теушілерінің алаңдайтындай жөні бар. Оның үстіне қазіргі кезде елде демографиялық ахуал күрделі күйінде қалуда. Өсім жоқ, халық қартайып барады. Әр отбасында бір-екі баладан артық ешкім жоқ.

Сарапшылардың айтуына қарағанда, қазірдің өзінде Ресейге сырттан келіп қоныстанып қалғандардың саны 30 миллион адамнан асып отыр. Зерттеу нәтижесі әртүрлі. Ресейдің статистикалық агенттігі соңғы 15 жылда елге келген 4,5 миллион иммигранттар азаматтық алды десе, Ресей Федералдық бюро қызметі бұл деректі 27,75 мил­лионға жеткізіп отыр. Бұған заңсыз келген мигранттарды да қосуға болады. Ресми мекемелер 3,6 миллион адам сырт­тан заңсыз келіп жұмыс істеп жүр деген дерек кел­тіреді. Ал Федералдық көші-қон қызметі бұл цифр 16-18 миллион аралығында дегенді айтады. Қалай десек те, қазір Ресейде Орта Азиядан баратын өзбек пен тәжік, қырғыздар өріп жүр. Ал Сібір мен Қиыр Шығыста Қытай азаматтары қоныстанып жатыр деген дерек көбірек айтылады. Сондықтан сарапшылар Ресей билігі миграт­тарға қатысты заңды қатайту керек деп отыр.

 Дайындаған — Берік БЕЙСЕНҰЛЫ, Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ
http://www.aikyn.kz/articles/view/47327