АЛТЫНОРДА
Новости

29 сәуір – халықаралық би күні

Бидің барлық түріне қатысы бар халықаралық би күні жыл сайын 29 сәуірде тойланады.

Бұл атаулы күнді 1982 жылы ЮНЕСКО бекітті. Ал неге халықаралық би күнін дәл осы күнге қойды? Өйткені 29 сәуірде француздық балетмейстер, би өнерінің реформаторы әрі теоретигі Жан Жорж Новер (1727-1810) өмірге келген. Жан Жорж Новердың тарихта «Бүгінгі балет өнерінің атасы» ретінде қалған.

«Ұлы Дюпренің» шәкірті Жан Жорж Новердың (1727-1810) ойына бүгінгі би өнерінің алғашқы идеялары келе бастаған. Ол опера өнерінен тәуелсіз түрде бөлініп шығатын жаңа бір жанрды ойлап тапқысы келді. Би өмірге келмей тұрып, операмен біте қайнасқан балет өнері мәдени өмірде кең етек жайып еді. Сөйтіп Жан Жорж Новер ең алғаш операдан балетті бөліп алып, тек белетке құрылған спектакльды жарыққа шығарды. Ол өзінің балетке байланысты тың ойларын драмалық деңгейде шарықтатып, сол кезден бастап жаңашыл қойылымдарды сахналай бастады. Ол жалпы мәдениет тарихында ең алғаш рет би қимылдарымен спектакль жасап шығарды. Спектакльде елді елең еткізер желі де, ойынның көркін ашатын образдар да болды.

Новер қаһармандық балет пен балет-трагедияның дамуына ауыз толтырып айтарлықтай үлес қоса білді. Сонымен қатар, ол балет қойылымдарын жарыққа шығаруға арналған теориялық ілімді жасап кетті.

1759 жылы Новердың атақты «Би мен балет жайлы хат» атты туындысы жарыққа шықты. Шығармада балеттік қойылымдар туралы жазылды. Онда пантомимо және би өнері туралы да айтылды.

Халықаралық би күні – «барлық биді» біріктіруге қызмет етіп келе жатқан атаулы күн. Бұл өнер түрі әр түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып, ынтымақтастық пен бейбітшілікке баулып, этникалық қарым-қатынасты одан әрі нығайта түседі.

Бидің де өзі үні, өз тілі болады. Би де талғамды қажет етеді. Тілмен түсіндіре алмайтын жайтты бимен жеткізуге болады. Биде де аса терең философиялық ой жатады.

Дәстүр бойынша, жыл сайын әлем халықтары осы күнді аса жоғары деңгейде атап өтеді. Әр елден жиналған би өнерінің шеберлері түрлі конкурстар өткізіп, бұл өнердің атын жаңғырта түседі.

Массагет.кз порталы атынан би өнеріне қатысы бар барша мамандар мен қазақ бишілерін бүгінгі халықаралық би күнімен құттықтаймыз!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

 

http://massaget.kz