АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

29 жасында әже атанды

13657-6-29_zhasynda_zhe_atandy_ruАСТАНА. ҚазАқпарат — Нижегород облысының тұрғыны Наталья Князькова 29 жасында Ресейдің ең жас әжесі атанды, деп жазады «Российская газета». Әйелдің 14 жасар қызы дүниеге ұл бала әкелген, таяуда жас ана мен бала Бор қаласының перзентханасынан шығарылды, деп атап өтеді басылым.«Волга» телекомпаниясына берген сұхбатында Наталья қызының жақын арада босанатыны туралы хабар оны таңғалдырмағанын баяндады. Өзі де қызын 14 жасында дүниеге әкелген. Жұбайы Александрмен бірге 15 жыл тұрып жатыр, олардың төрт қызы бар, ең кішісі — 2 жаста.

«Өзінің артында өсіп келе жатқан үш сіңілісі бар, оларды бағып-қағуға көмектескен. Бала өсіруде тәжірибесі көп», — деп қызының ана бола алатынына сенім білдірді жас әже.

Өз кезегінде Натальяның жұбайы 34 жасында ата атанғанына әлі үйренуге тура келетінін айтты.

Нәрестенің 17 жастағы әкесінің отбасын асырай аламын деп сендіргеніне қарамастан, жас ананың әке-шешесі қыздарына кәмелеттік жасқа толғанша өздері қарайтындарын айтты — балаға қараудан бөлек, ол мектептегі оқуын жалғастыруы керек.

Ресейдегі ең жас әженің немересі дүниеге дені сау болып келді — оның бойы 51 сантиметр, салмағы — 3,5 келідей. 

http://inform.kz/