9 мамыр — Ұлы жеңіс күні Астанада кең аталып өтілуде. Басты шаралар«Отан қорғаушылар» монументі маңында болып жатыр.
Биіктігі 24 метр «Отан қорғаушылар» монументі 63 тонна қарағандылық қоладан жасалынған. Қолында тостаған ұстаған Отан-ана бейнесі соғыстан қайтпаған жандарды сағынып, аңсап тұрғандай.
Осы күні әр азамат Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюды міндет санайды.
Қызыл түсті раушан мен қалампыр гүл шоқтары көптеп болды.
Жаңбыр мен жел Астана тұрғындарына батыр ата-әжелерімізге тағзым етуге кедергі болмады.
Жастар мен кішкентай балалардың белсенділігі қуантты.
Осы сәтте жиында болған әр жанның жүрегінде «Отан үшін!», «Қазақстан үшін!» деп ұрандатып тұрғандай.
Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова