«97 жастағы Эдна есімді әжей фитнес клубқа келуші жастарды таңғалдырды. Бүгінде оның Instagram-дағы парақшасы ең көп көрілетіндердің қатарына енді» деп жазады Day.Az.
Ол жаттығу залынан түсірілген бейнежазбалары мен суреттерінің арқасында бүгінде танымал әжейге айналған. Жаттығуға келген сайын өзі қолжеткізуге тиіс нәтижені алдына мақсат етіп қояды.
Бір қызығы, кейуана жақсы нәтиже көрсетіп, діттегенін орындап қайтады екен. Жаттықтырушылардың айтуынша, ол жасы келгеніне қарамастан ерік-жігері мықты.
(ҚазАқпарат)