АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

А.Мұхамедиұлы: Интернет-казино қызметін заңсыз деп тану қажет

68387231Қазақстанда интернет-казинолар қызметіне тыйым салу көзделіп отыр. Тиісті заң жобасын Сенат бірінші оқылымда мақұлданып та қойды. Құжатты Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы таныстырды. Ойын бизнесіне қатысты заң жобасында сондай-ақ букмекер кеңсесі мен тотализатор кассаларынан алынатын салық көлемін 2 есеге ұлғайту қарастырылған. Яғни оның көлемі 150 айлық есептік көрсеткіш болмақ. Ал электрондық кассасына салынатын салық 2 мың айлық есептік көрсеткішке дейін артады. Бұдан бөлек, ойын бизнесі саласында лицензия алу кезінде өтініш берушілерге қойылатын талаптар қатаңдатылады. Ең бастысы, алдағы уақытта ойын мекемелерін, букмекер кеңсесі кассаларын және тотализаторларды тұрғын үй ғимараттарына орналастыруға тыйым салынады.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі: «Азаматтық іс жүргізу кодексінде интернет-казино қызметін заңсыз деп танудың іс жүргізу механизмі бекітіледі. Ойын бизнесі туралы заң талаптарын бұзғаны үшін қосымша әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Салық кодексінде ай сайынғы салық алымын арттыру ұсынылады»,- дейді., ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегеновтың сөзіне сенсек, аталған заң жобасы бүгінгі жастардың құмар ойындарға жіпсіз байланыпы отырған мүшкіл халін реттеуге мүмкіндік бермек. Бұдан былай халық қалаулылары жиған-терген бар қаржысын ойынның құрбанына айналдыруды әдет еткен жастарға заң аясында шара қолданбақ

Еркежан Жұматаева

http://turkystan.kz/