АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Әблязов әрекет еткен болып жүр. Бірақ ол бітті…

Жаңаөзендегі қасіретті оқиғаның ең басты ұйымдастырушыларының бірі, әрі күнәһары алаяқ Әблязов әлі де ештеңеден тайынар емес. Ол өзінің осынау қасіретті қақтығысты қоздыруға қатысы болғанын бүкіл әлемге жария етуге құлшына кірісуде. Жаңаөзен ол үшін өзінің атын шығаратын, ең бірінші аса ірі халықаралық қылмысты оқиға болды. Әблязовтың «Алға» ұйымы мұхиттың арғы жағынан қаржыландырылғанын (оның белсенділері әлеуметтік қақтығысты қоздырумен шұғылданғаны бұған дейін сотта дәлелденген) – бұл ақша Қазақстаннан шығарылып, оффшор арқылы түрлі қылмыстық жолдардың көмегімен жеткізілгенін, сірә,  біраз адамдар ғана ұғынғын секілді. Нақты айтқанда бұл ақша Қазақстаннан ұрланған. Кейбір есептеулерге қарағанда, оның мөлшері әрбір қазақстандықтарға, соның ішінде балаларды қоса есептегенде адам басы мың доллардан айналады деуге болады.

Ал Әблязов болса өзінің сыбайластары арқылы адамдарды тәртіп қорғау органдарына қарсы ашық қақтығысқа қалай үгіттегенін, ақша таратып ереуілшілердің ашуын қоздырғанын, ақпаратты қалай бұрмалағанын және алданған мұнайшыларды жалған уағдамен жарылқағанын ұялмай-қызармай даурыға әңгімелейді.

Ал қазақстандықтар оның мұндай суайт өтірігін, мұның өзі қой терісін жамылған қасқыр секілді болғанын баяғыда-ақ түсінген. Солай болса да Әблязов Қазақстанның тұрақтылығына селкеу түсіру үшін түрлі амал айлаларды жасаудан тыйлар емес. Бұл үшін ол қаржысын да, адамдарын да аямайды. Мұның нақты дәлелі – сотталған В.Козловтың қылмысты әрекеті және тыйым салынған «Алға» партиясы. Мұның нәтижесі қандай болды? Нәтижесі – екі жыл бұрын Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік. Өзіне құлдық ұрып берілген адамдарды және «Алғаның» барлық мүмкіншілігін сарқып, оның байырғы басшысын тағдырдың тәлкегіне тастап, оларға ешқандай қолдау жасамай, теріс айналып, олардан жайбарақат бұрылып кете барды.

Әблязовтың жоспары мен ол қаржыландырған «қалтадағы оппозиция» быт-шыты шығып күйресе де елде реніштерді өршіту, адамдардың наразылығын күшейту үшін әлеуметтік мәселелерді әккілікпен пайдаланып азаматтардың санасына үмітсіздікті себуге тағы да тырысып жүр. Қысқасы, Әблязовтың әлегінде жүргендер әлі де бар екен арамызда. Олар кімдер? Олар – халықтың мәселесін көтеріп жүрміз деп данғаза айғайға басқан КПК-ның «қалтадағы» басшылары Ғазиз Алдамжаров және аз ғана адамдардан құралған «Алғаның» бүгінгі жолбасшысы  Марат Жанұзақов.

Референдум мен жалпы республикалық жиналыс өткізу мәселесін көтеріп жүрген Б.Әбіловтың идеясы да М.Әблязовтікі.

Қашқын қылмыскердің арандатушылық айласы өзгерер емес. Фактіге жүгінейік. Биылғы жылдың 16 наурызында көптеген оппозициялық құрылымдардың өкілдері Алматыға келді. Мұнда оларға жол жүруіне және тұруына материалдық өтем жасау жөнінде уағда болған еді. Сөйтіп жиын өткізілді. Ал уәде бойынша берілетін ақша төленбей қалды. Сөйтіп мұндай жалған уәдеге сенгендер қалтасында қонақ үйге төлейтін ақшасы болмағандықтан көшеде қалды.

Міне, саған керек болса, қасқырдың терісін жамылған Әблязов. Ол үшін адамдар дегенін өзінің арам мақсатына жету үшін қолданылатын құрал ғана.

Мұны нақты тарқатып айтсақ бұған мысал ретінде тұрғын үй коммуналдық шарушылығының тарифтерінің қымбаттағаны, әйелдердің зейнеткерлік жасының ұлғайғаны және өзге осы секілді мәселелерді 27 сәуір күні наразылық ретінде ұйымдастырушылар КПК басшысы Ғ.Алдамжаров, «Алғаның» қазіргі жетекшісі М.Жанұзақов, «Азат» КДП басшысы Б.Әбілов. Өзге қалалардан жиынға жиналғандарды тағы да Әблязов өзінің мақсатына пайдаланып, соңынан лақтырып кетті.

Мұндай спектакльдерді өзгеше мақсатқа бұрып әкеткісі келген жандар да табылды. Қазақстаннан шыққан арандатушының қармағына Ресей ұлтшылдары мен неофашистік құрылымдардың өкілдері А.Белов-Ноткин, П.Милосердов ілінді. Олар Қазақстандағы оппозиционерлердің осы жобасының тікелей авторлары мен рухани дем берушілері болғаны анықталып отыр. Ресей саяси технологтарының тапсырысына Әблязов ақша төлеуден сараңдық жасаған жоқ.

Ал олигарх болса қаржысының молдығына мастанып, өзін Напалеон секілді сезініп, күпініп жүргенде оның да құйрығы біртұтам болуға айналды. Баршаға мәлім Лондондағы Жоғары сот БТА банктің экс басшысы Мұхтар Әблязовтың Ұлыбританиядағы меншігін сатуға рұқсат берді.

Соттың шешімі бойынша, Лондонның солтүстік бөлігіне орналасқан Bishops Avenue-дегі  Carlton House тұрғын үй ғимаратын сатуға рұқсат берілді. Бұл ғимараттың көлемі 15 метрдей залы, қонақтар қабылдайтын бөлмелелері, кітапханасы, ұйықтауға арналған 9 бөлмесі бар. Ғимараттың жанында бассейн, 12 адамға арналған түрік моншасы орналасқан. Сондай-ақ компания басқарушысы Ұлыбританияның Виндзор қаласында орналасқан жалпы көлемі 40 гектардан астам Oaklands Park жер учаскесін сата алатын болды. Бұл учаскеде сегіз тұрғын үй, питомник, теннис корты, көл, орманды алқап және тікұшақ қонатын алаң барЭкс банкир Мұхтар Әблязов үнемі екі жүзді болып бұлтақтап, жалтарумен әлек. Алайда оның сараңдығы мен қаржыны қайда қалай жұмсарын білмейтіні оны сот залында қылымскердің орындығына отырғызары сөзсіз.

Masa.kz