АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Айбек Нұғымаров-«Қазақстан барысы»!

айбекСонымен,  елді шуылдатқан  «Қазақстан барысы» жарысы аяқталды. Қазақ күресінен өтіп жатқан бұл жарыс бұрыңғылардан өзгерек болды. Жеңімпаз шығысқазақстандық Айбек Нұғымаров. Ал, жарыстың өзгешелігі даулы болуында еді.

«Қазақстан барыс»  жарысының жартылай финалында  қарағандылық Ержан Шынкеев пен өткен жылғы «барыс» Бейбіт Ыстыбаев кездескен еді. Алайда, төрешілер Ержан Шынкеевтің әдіс жасауын ескермеді де,  жеңісті Бейбітке  берген-ді. Ал, көрермендер оған наразы болды. Сөйтіп, ақыры төрешілер шешімі өзгерді. Шынкеев жеңімпаз деп танылды. Ал, бұған өкпелеген Бейбіт Ыстыбаев  қол жүлде үшін болған айқасқа шықпады. Осылайша  үшінші мәрте  өткен «Қазақстан барысы» бәйгесі айқай-шулы болды. Дегенмен, білектілердің  жарысныда мықтылығын дәлелдегендер өздерінің лайықты бағасын алды. Финалда айқасқан Ержан Шынкеев пен Айбек Нұғмаровтың  күресінде шығысқазақстандық палуан жеңіске жетті. Осылайша,  бас жүлдені Айбек Нұғмаров, күміс белбеуді Ержан Шынкеев, қола  жүлдені Жұманазар Ерсұлтанов иеленді.
Айтпақшы, тағы бір өзгеріс- үшінші «Қазақстан барысы»  әдеттегідей тамызда емес, Астана күні қарсаңында өтті.

http://zhebe.com