АЛТЫНОРДА
Новости

Айдың құпиясы қашан ашылады?

АСТАНА. 18 сәуір. BAQ.kz – Адамзат қанша сырын аштық, бетіне қондық деп жаһанға жар сал­ғанымен, Айдың құпиясы әлі күн­ге толық ашылған жоқ. Са­налы тіршілік иелері ары кетсе Айдың қыр-сырын 10 пайызға ғана мең­герген болар. Жер серігі деп са­на­латын бұл ғаламшар­дың 90 пайызы әлі күнге құпияға толы. Ғалымдар арасында «Ай ешқан­дай табиғи емес, жасанды ға­лам­ш­ар» деген пі­кір көп. Мысалға мына бір бұл­тартпас айғақты алға тартады. 1969-1972 жылдар ара­сында АҚШ Айды зерттеу үшін «Аполлон» бағ­дар­ламасын жа­сады. Осы аттас ғарыш кемелері бірінен кейін бірі Айға жолға шықты.

1969 жылдың 20 қарашасы күні 4 сағат 15 минутта «Аполлон –12» ғарыш кемесінен бөлініп, Айдың бетіне қонған ұшу ап­параты тежегіш тетіктің кінәра­тынан қатты соғылды. Осы соқ­қыдан кейін Айдан қоңырауға ұқсас дыбыс шығып, тербеліс бай­қалған. Кабинада орнатыл­­ған сейсмометрдің есептеуінше тер­беліс 55 минутқа созылған. Бұл жағдай ғалымдарды таңғал­дырған. «Бұл не қылған дыбыс? Қайдан шықты, ненің белгісі?» деген сан қилы сауал алдынан шыққан соң, АҚШ-тың ғарыш мамандары тағы бір сынақ жасау­ға бел буған. Ол – «Сатурн – 4» зы­­м­ы­ранның орбитада қалды­рыл­ған бөлшегін Айға жеткізіп, қат­ты жылдамдықпен соқтықты­ру еді. Зымыран қалдығы секун­дына 2,5 шақырым жылдамдық­пен Айға соғылды. Не болды дей­сіз ғой. Сейсмометрдің есеп­теуінше ай­дан шыққан қоңырауға ұқсас дыбыс 3 сағат 20 минутқа созылды. Осыдан кейін-ақ ға­рышты зерттеп жүрген көптеген ғалымдар «ай табиғи ғаламшар емес, қолдан жасалған. Жасанды дүние» деген шешімге келген. Олар­дың пі­кі­рінше, ай өте берік титаннан жа­салған қаңқадан тұрады. Оның қа­лыңдығы 4000-5000 мың метр, бәлкім одан да қалың болуы мүм­кін. Ортасы қуыс. Мүмкін онда бізге белгісіз тіршілік иелері өмір сүріп жатуы ықтимал. Ал титан­нан жасалған қаңқа метеорит, комета секілді аспан денелері со­ғылған кезде, қорғап тұрар қал­қан ретінде жа­салған. Өйткені ай­дың бетіндегі көлемі 150-200 шақы­рым бола­тын кратерлердің те­рең­дігі небә­рі 3-4 шақырымнан аспайды. Негізінде ондай кө­лем­­дегі кра­тер­­лердің тереңдігі кем деген­де 40-50 шақырым бо­луы тиіс. Де­мек, титан қаңқа ауыр соққы­лардан Айды қорғап тұр. Тіпті ға­лымдар арасында Ай аса да­мыған бел­гісіз тіршілік иелерінің ғарыш кемесі не болмаса жұл­дыз­аралық сапар кезінде тоқтап өте­тін ға­рыштық стансасы бо­луы мүм­кін» деген де әңгіме бар.
Бұған тағы бір нақты дәлел ретінде ғарышкер Нил Арм­стронгтың мына бір сөзін алға тартады. Сонымен… 1969 жылы 20 шілдеде «Аполлон –1» ғарыш кемесі тұңғыш рет айға қонды. Адамзаттың тарихында ерекше орын алатын ұлы оқиғаны әлем­нің жарты миллиард халқы теле­дидар арқылы көрді. Кеме саты­сы арқылы төмен түсіп, айдың беті­не алғаш қадам басқан ғарыш­кер Нил Олден Армстронг еді. Одан кейін өзге ғаламшарға табан тіреген экипаждың екінші мүшесі – Эдвин Альдрин. Ал үшінші ғарышкер Майкл Коллинз кемеде қалды. Айдың бетіне АҚШ туын қадап, лунаходпен шарлап, 22 келі топырақ алған олар кері оралды…
Кенет теледидар қарап отыр­ған жұртқа Нил Армстронг­тың дауысы бұзылып, аса бір қобал­жып, қорқа сөйлегені естілген: «Бұл не? Құдай-ау, мен нені көріп тұрмын? Сұмдық-ай, мұндайда болады екен-ау». Жерде байла­ныс­та отырған ғалымдар: «Не дей­сің? Не болды, тез жауап бер» деген дауысына, Нил Армстронг: «Мен өзім де түсінбей тұрмын. Мұнда керемет үлкен ғарыш ке­месі тоқтап тұр. Сұмдық үлкен. Олар кратердің арғы бетіне тоқ­тап, бізді бақылап тұр» деген үрей­лі дауыспен. Екі арада ғарышпен байланыс екі-үш минутқа үзіліп кетіпті. Сол арада не болды. Белгісіз. Тек өмі­рінің соңғы жылдары ғана белгілі ғарышкер Айда жат саналы тір­шілік иелерімен жолығысып қал­ғанын кейбір орталарда айтқан көрінеді…
Расында, айда тіршілік бар ма? Шетел зерттеушілерінің кел­тірген дәйектеріне қарасақ, айды зерттеу барысында АҚШ ғарыш­керлері
140-150 мың түрлі құпия сурет тү­сірген. Бірақ олар өте құ­пия жағдайда сақтаулы көрінеді. Мәселен, НАСА-ның құпия су­рет­­терін көруге мүмкіндік алған Джордж Леонард өз жазбала­рын­да айда белгісіз тіршілік иелері бар екенін келтірген. «Түрлі құ­рылыстар, нысандар салынуда. Пирамидаға ұқсас ғимараттар, мұнаралар бар. Белгісіз тіршілік иелері айдағы пайдалы қазба­лар­ға зерттеулер жүргізіп жатқан се­кілді» дейді Джордж Леонард. Өйткені суреттердегі көріністер соны бейнелейтін секілді. Аме­­ри­калық уфолог Фред Стеклинг өзі­нің кітабында: «Бұған дейін бізге айдың бетінде тіршілік жоқ деп түсіндіріп келді. Шын мәнін­де басқаша. Ол жерде техноло­гиялық дамуда адамзатты артқа тастап кеткен өркениет иелері бар» дейді және нақты деректерді алға тартады. Тіпті 1970 жылы те­лескоп арқылы ұзындығы 22 ша­қырым, көлденеңі 5 шақырым болатын сигарға ұқсаған белгісіз үш нысанды көрген. Олар ай бе­тінде бірнеше сағат болып, бел­гісіз қиырға ұшып кеткен. Жапон астрономы телескоп арқылы айдың бетінен ұзындығы 20 ша­қырым болатын ұшатын нысан­дарды байқаған… Демек, Күн жүйесін белгісіз тіршілік иелері өз пайдаларына жаратуға ұмты­лып жатқанға ұқсайды…

 

Бір қызығы, сыртқа құпия­­сын аша бермейтін АҚШ ғарыш­ты зерттеу орталығы (НАСА) өткен ғасырдың 60-жылдарының соңында, соңғы төрт жүз жылда Ай бетінде орын алған 579 ано­мальды құбылыстың тізімін жа­са­ған. Онда жарқыраған шамы бар, қозғалып бара жатқан ны­сан­дар­дың, ұшу алаңдарының, жой­қын ұралардың, түр-түсі үнемі өз­геріп тұратын ірі күмбездердің, алып пирамидалардың кескін­де­рі кел­тірілген. Осыған қарап ға­рыш мамандарының көпшілігі Ай­да біз білмейтін тіршілік бар деген­ді айтады. Тіпті айдың жер­дегілер­ге үнемі бір қырынан кө­рінетін­дігінде де бір сыр жатуы әбден мүмкін.

Айдың арғы бетінде не бар? Бәлкім өзге ғаламшардан келген дамыған саналы тіршілік иелері сол жерде отырып, Жердегі тір­шілікке бақылау жасауы да мүм­кін. Мұны да ғалымдар жоққа шы­ғармайды. Сонау өткен ғасыр­дың 60-жылдары Кеңес елінің ғалымдары Михаил Васин мен Александр Щербаков Айдың жа­санды дене екені жөнінде бұл­жымас 8 болжам айтқан. Онда да ғалымдар Ай негізінен титаннан тұратын, белгісіз тіршілік иелері, белгілі бір мақсат үшін қолдан құрастырғаны жөнінде айтылған. Жалпы, Айға байланысты қо­йы­лар сұрақ көп. Соның бірнешеуі мынадай:
1. Ай өз осін айналғанда неге үнемі жерге бір қырымен ғана көрінеді?
2. Ай неге жылына Жерден 4 см алыстайды?
3. Ай суық дене болатын бол­са, онда бетінде ірі лава көлі қалай пайда болған?
4. «Ай көлдерінің» 80 пайызы неге айдың көрінбейтін бетіне орналасқан?
5. Ай бетінде жиі болып тұ­ратын жарқыл, көлеңке, бұлың­ғырлық немесе ғажайып шұғыла қалай пайда болуда?
6. Жер серіктері суретке түсіріп алған, Айдың жоғарғы бетіндегі қолдан тұрғызылған секілді ғимараттарды, мұнаралар мен күмбездерді сондай-ақ пирамидаларды кім қалаған?
7. АҚШ ғарышкерлері ай­дың бетіндегі магниттік белдікті зерт­тесін деп тастап кеткен ап­парат неге ұзақ жыл жұмыс істеді?
8. Аппараттағы ток беру те­ті­гі­нің мүмкіндігі 1 жылға ғана есеп­телген емес пе еді? Ұзақ уа­қыт энер­гияны қайдан алды?
9. Неге айдан қоңырау үніне ұқсас дыбыс шығып тұрады?
10. Ай бетіне тұңғыш рет қадам басқан АҚШ ғарышкері Нил Армстронг өзге ғарыш кемесін көр­генін неге НАСА осы уақытқа дейін құпия сақтады?
11. НАСА суретке түсірген айдың бетінде жатқан сигара секілді сопақ белгісіз ұшу нысаны қайда кетті?
12. Неге ерте заман жылна­ма­ларында немесе карталарында өзге ғаламшарлар белгіленсе де, Ай көрсетілмеген? Неге ықылым заманнан жеткен аңыздарда 13 мың жыл бұрын болған топан судан кейін ғана Ай пайда болды деп айтылады? …Айға байла­ныс­ты сұрақ көп. Бірақ нақты жауап аз. Ай өз құпиясын әзірге ашар емес.

 

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

Айқын