АЛТЫНОРДА
Иносми

ӘЙЕЛДЕРДІ АЯЛАЙ АЛМАЙТЫН ЕЛ

images (3)«Үндістанның Калькутта қаласында ірі ереуіл өтіп жатыр. Халық 75 жастағы монах әйелді зорлаған топты тауып, жазасын беруді талап етуде» деп хабарлайды Астана арнасы.
Рейтерстің хабарлауынша, халық әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық тоқтаталсын деген ұрандар көтерген. Жаға ұстатар оқиға Калькуттада болды.

12 қарақшы христиан миссионерлік мектебіне баса көктеп кіріп, ойран салған. Зорлық көрген қарт әйел қазір ауруханада. Мектеп қызметкерлері оқиғаға дейін әлдебіреулердің қоқан-лоқы көрсетіп жүргенін айтып, полицияға шағымданған.

Полицияның пайымынша, қылмыскерлер өш алу мақсатымен келуі мүмкін. Ұрылар сонымен қатар, ақша, ұялы телефон, компьютер, фотоаппарат сынды мектептің бірталай мүлкін қолды еткен.

Жергілікті тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы бар деген күдікпен екі адамды тұтқындады.

Еске сала кетейік, Нью-Делиде Қазақстан азаматшасы да зорлық құрбаны болғаны туралы кеше ақпарат шықты. 27 жастағы қыз Үндістанға іс-сапармен барғаны белгілі болды. Жергілікті полиция күдікті деген үш адамды ұстаған. Ал кеше еліміздің Сыртқы істер министрлігі отандасымыздың құқын қорғау үшін тиісті шаралар жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Астана» арнасы