АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Академия жұмысы өрістеу үстінде

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі скачанные файлы (1)академиясының президенті Дархан Қыдырәліні оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Түркітілдес мемлекеттердің басшылары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша халықаралық ұйым ретінде құрған академия қыз­ме­тінің өзекті мәселелері талқыланды.

Д.Қыдырәлі академияның зерттеу, ағарту және баспа жұмыс­тары туралы хабардар етті, сон­дай-ақ, ХVIII ғасырдағы қазақ дип­ло­матиясы туралы шетелдік мұрағаттарда табылған тарихи түп­нұсқа құжаттар негізінде жа­зыл­ған жаңа кітаптарды таныс­тырды.

Халықаралық Түркі акаде­мия­сының президенті 2016 жылы БҰҰ-ның штаб-пәтерінде «Жібек жолының бойындағы үнқатысу» тақырыбы бойынша дипломаттар мен түрлі елдердің ғалымдары кеңінен қатысатын отырыс өткізу туралы жоспарымен бөлісті.

http://egemen.kz/