АЛТЫНОРДА
Новости

АҚШ: Украинадағы жікшілдерді Ресей қолдап отыр

Донецк қаласынан 15 шақырымдағы Макеевка ауданында жүрген ресейшіл сепаратистер. 11 шілде 2014 жыл.14 шілде күні АҚШ мемлекеттік департаменті таратқан баспасөз баянында Ресейдің Украинадағы жанжалды реттеуге ынталы екендігі туралы мәлімдемесі мен ісі бір жерден шықпай отырғаны айтылған.

«Біздің қолымызда Ресей тарапынан сепаратистерді қолдау тоқтатылғанына еш дәлел-дәйек жоқ. Ақиқатында, біздегі деректер бойынша, Ресей оларға ауыр қару-жарақ түрлерін, әскери құрал-жабдықтар мен қаржы беруді жалғастырып келеді, сонымен бірге қарулы бүлікшілердің Украина аумағына емін-еркін өтуіне мүмкіндік беріп қойған. Ресей өз қарулы күштері Қырымдағы оқиғаларға қатысқанын жоққа шығарғаны сияқты бұл жолы да мойындамай отыр» делінген ресми құжатта.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз баянында АҚШ пен оның еуропалық одақтастары Ресей үкіметін сепаратистерге жәрдем беруді доғарып, өз ықпалын оларды қаруларын тапсыруға және атысты тоқтату шартына мойынсұнып, кепілдегі адамдарды босатуға көндіруге бірнеше мәрте шақырғаны айтылған.

«Тек сонда ғана Украинада бейбітшілік орнату процесі шын мәнінде басталады» делінген құжатта.

http://www.azattyq.org/content/news/25457040.html