АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Ақшаны заңдастырудың негізгі ерекшеліктері

images (2)Ел азаматтары ақшаны заңдастыру акциясының аясында олар заңдастырудың екі артықшылығы мен жаспарланған акцияның үш ерекшелігіне ие бола алады.

Оның бірі – азаматтар үшін ақшаны заңдастыруды жеңіл әрі қолжетімді ету арқылы мемлекет экономикасына еркін пайдалану болса, екіншісі – ақшаны заңдастыру құралында еркін таңдаудың берілуі. Соңғы тетіктің үш ерекшелігі бар. Біріншісі, ақшаны бес жылға дейін екінші деңгейлі банктерде ұстауға және бұл ретте нарықтық мөлшерлемелермен белгілі бір мөлшерде сыйақы алуға да болады. Екіншісі, ақшаны мерзімінен бұрын пайдаланғыңыз келсе, төмендегілерді сатып алу арқылы экономикаға инвестициялауға болады: мемлекеттік құнды қағаздарды; екінші деңгейлі банктердің облигацияларын; ұлттық басқарушы холдингтер мен компанияларды; «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында институттар мен акцияларды; сонымен қатар, қазақстан қор биржасындағы құнды қағаздарды сатып алуға болады. Үшіншісі, азаматтар жекешелендірудің екінші толқыны аясында сатып ала алады.

Міне, осы аталған тәсілдердің әрқайсысы отандық экономиканы дамытуға және ақшаны заңдастырушы азаматтың пайда алуына бағытталған.

Ал, Жария ету науқаны аясында қандай мүлік заңдастырылуы мүмкін? Мамандар бұл сауалға да жауап берді.

ҚР азаматтарына, оралмандарға және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы заңы күшіне енеді.

Сала мамандарының айтуынша, заңнама талаптарын бұза отырып алынған мүлік қайта заңдастырылуға жатады. Бұл азаматтарымыздың жауапкершілікке тартылмауына және ақшалай қаражатты мемлекетте сақтауға берілген зор мүмкіндік.

Ендеше, азаматтарымызға осындай кеңшілікті қолдана отырып, алдағы уақытта жауапкершілікке тарылудан қорықпау және қызметті заңнамаға сәйкес жүргізумен қатар, мемлекетке игілігі тиетіндей етіп жүргізу керек.

Естеріңізге салайық, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда Мүлікті жария ету науқаны басталады. Оның аясында қаржысын жасырын түрде шетел банктерінде сақтап жүрген қазақстандықтар оны заңдастырып, өзіміздің банктерге аудара алады. Сонымен қатар, тіркелмеген мүлікті де заңдастырып алуға мүмкіндік зор.

Айта кетейік, еліміз бұған дейін екі рет жария ету науқанын жүргізген. Екеуі де сәтті өтті. Мамандар болса Қазақстанның бұл шараны өткізуде тәжірибесі бар екендігін айтып отыр.

Максат Айтуган