Достардың отырысы полицияға арызданумен аяқталды. Өткен демалыста 37 жастағы ақтаулық танысын үйіне қонаққа шақырып, артынан оның үстінен полицияға арыз жазды, деп хабарлады жергілікті «Тумба» сайты.
Оқиға желісі бойынша, олар түннің бір уағына дейін дастархан басында отырған. Осыдан кейін, досын шығарып салған пәтер иесі 50 000 теңге ақшасы мен әшкей заттарының жоғалғанын байқайды.
Арызға байланысты полицейлер күдікті ретінде 1982 жылы туған Ақтау қаласының тұрғынын ұстады. Ол қылмысын мойындады.
ҚазАқпарат