АЛТЫНОРДА
Новости

Актер Асылхан Төлепов жаңа телехикаяға түсіп жатыр

434_04af9bf49da5730c3348b199de40aba8Астана. 16 шілде. Baq.kz – «Жаужүрек мың бала» фильмі арқылы көпшілік қауымға танымал Асылхан Төлепов «Жел қызы» фильмінің режиссері Жасұлан Пошановтың «Сұңқар» деп аталатын жаңа телехикаясына түсіп жатыр деп хабарлайды brod.kz.

Кішкентай бала мен тұлпардың достығынан құралған көп сериалы телехикаяның сценариі 2006-2007 жылдары шынайы болған оқиғаның желісімен жазылған.
Телехикаяның басты кейіпкері Біржанның рөлін сомдайтын Асылхан: «Мен қазір жиырмадамын, бірақ фильмде 9 сыныпта оқитын 16 жасар баланы ойнаймын. Өзіңнің кейіпкеріңнің қалай есейіп, өзгергенін көру қызық. Фильмнің сценариі бірден ұнағаннан соң фильмге түсуге келісімімді бердім» дейді.
Ал телехикаяның режиссері: «Мен бұл туындым арқылы біреуге ақыл айтқым келмейді. Менің мақсатым халыққа жақын, әрі түсінікті оқиғаны жанжүрегіммен жеткізу. Телехикаяның сценариін Берік Сабыржанов жазып жатыр. Ал мен соның ішінен ең қызықты сәттерін алып телевизиялық фильм жасап жатырмын» деп өз ойымен бөлісті.
«Қазақстан» Ұлттық арнасының тапсырысымен түсіріліп жатқан 15 сериалы телехикая тамыздың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

 

Фото: brod.kz

 

http://www.baq.kz/kk/news/32307