АЛТЫНОРДА
Новости Актобе

Ақтөбеде өкпе ауруына шалдыққан ана 5 баласымен бірге аш отыр (фото)

pogudxuf4vtqvdpro.eaa7bc88Ақтөбеде сырқатына бола жұмысқа жарамайтын 5 балалы жалғызбасты ана аш-жалаңаш күйде күнелтіп жүр. NUR.KZ порталының меншікті тілшісі жағдайы төмен отбасының халін сұрап қайтты.

«Пәтер ақысын өтей алмай отырмын. Алған несием де 8 айдан бері төленбей тұр. Өкпе ауруына шалдыққанмын, қоғамдық орында жұмыс жасауға болмайды. Балалардың жәрдемақысын пәтерақыға беріп отырмын, үйде тамақ алатын ақша жоқ», – деп жылайды Айгүл Құлбарақова.

Ақтөбедегі қарны аш, басында баспанасы жоқ, көзі жасқа толы көп балалы аналардың бірі – Айгүл Құлбарақова. Ол Алға ауданына қарасты Тоқмансай ауылының тумасы.

15 жасынан-ақ отбасылық өмір көрген келіншек екі рет тұрмыс құрып үлгерген. 36 жасында 5 баланың анасы болып отыр.

Бірінші жолдасынан екі баламен ажырасқан, екінші адаммен азаматтық некеде тұрып, оған да үш бала тауып берген. Ішімдікке әуес ол адамның да қарасын көрсетпегеніне бір жылға жуықтады. Айгүл қазір жалғыз.

pogudx7r1inqlomth.d942a0ff«Жағдайым өте қиын. Бес баламен қаңғып жүрмін. Өзімнің анам өте қатаң адам болатын. 15 жасымда 5 жас үлкен жігітке тұрмысқа берді. Ол кезде де жағдайымыз келіспеген еді. Анам тұрмысы жақсы отбасыға барып түзелерсің деген. Бірақ маңдайыма жазылған тағдырым жылаумен өтіп, бағым ашылар емес. Кезінде анам мүгедектігіне байланысты үкіметтен үй алған болатын. Анам қайтыс болғаннан кейін он жыл бұрын ол үйді де қайтып алды», – дейді тағдырына налыған ана.

Қазақ әйелдерінің қиын тағдыры
Қоғам жартылай отбасыларға толы. Жылда некесін қиғандардан, ажырасқандар саны көп тіркеледі. Қазір әкесінен алимент сұрап жылаған баланың жаранамасын кез келген жерге ілеміз.

Жөнді еркек таппадық деген қыздар босаға аттамай-ақ бала тәрбиелеуде. Алғашқы баласын құны жоқ көк қағазға сататындар да көп. Бәріне көз үйренді. Тағдырға теңеп, қоғамнан көріп жатырмыз.

Айгүлдің тағдыры да осындай кезекті қазақ әйелдерінің бейнесі.

pogudx74se3q4t7eg.f044d9af«Жағдайым енді өте қиын. Арқа сүйер ата-анам жоқ. Қол ұшын созар туысым да, көмек сұрап баратын жақыным да жоқ. Әр жерде қаңғалап жүрмін. Арзан ақшаға сыз тартқан баспана аламыз. Қазір балалар да, өзім де аурумын. Өкпе аурулар ауруханасында есепте тұрамын», – дейді Айгүл.

«Бірінші күйеуіммен 10 жыл тұрдым. Көрмеген қорлығым  жоқ. Ақыр аяғында екі баламды алып, қалаға қашып құтылдым. Ол артымыздан іздеп келіп, қайта бірге тұрдық. Баяғы жартас сол жартас болып ештеңе өзгерген жоқ. Ішу, таяқ жеу… Екі баламды ертіп, қалаға қайта қаштым. Ұсақ-түйек жұмыс жасадым. Себебі қолымда диплом түгілі мектеп бітірген қағазым жоқ. Нанымызды қара жұмыстың айналасынан іздейміз. 40 мың теңге жалақыға көлік жудым. Бес жыл бойы салқын сумен көлік жуып жүргенімде ауру таптым»,-дейді ол.

Қаңғыған қазақ отбасылары бір бөлмеге зәру

pogudx6gp7lbn7bar.0a7b3904 (1)Ақтөбеде жағдайы қиын отбасылар көп. Қаладан болашақ іздеген ауыл тұрғындары саяжайларды жағалап жүр. Қаланың айналасында бірнеше саяжай бар. Ол жерден қазақ отбасыларынан бөлек ұлтты табу қиын.

Алақандай жерге зәру көп балалы отбасылар бау-бақша маңын немесе Нина тәтейдің үйін паналайды. Оған Айгүл кезекті дәлел бола алады.

«4 жыл бойына бір орыс кемпірдің үйін 20 мыңға жалдап тұрдым. Ол үй көктемде суға кетіп, қыста ызғар болды. Күнімді қалай өткізіп жүргенімді сөзбен жеткізіп айту қиын. Өткен жылы пәтерақыға қарызым көбейіп кеткен соң бір қыз арқылы несие алғанмын. Ол қыз 260 мың теңге алып, 60 мың теңгесін өзі алды. Сол кезде 150 мың теңгеге бар қарызымнан құтылып, несиемді де жайлап төлеп жүргенмін. Кейін ол ақшаны төлеу де жөніне қалды. Ана қыздан да ұят болды, амалсыздан алып едім. Сегіз айдан бері төлей алмай отырмын. Инспектормын деп біреулер хабарласып, «төлемесең істі сотқа жібереміз» дейді. Оларға да айттым, «аурумын, жұмыс жасауға шамам келмей отыр. Бес баламнан басқа түгім жоқ. Баланы аласың ба, мені аласың ба, келіп таңдағандарыңды ал деп отырмын. Қайтемін, енді, үйде шіріген көрпелерімнен басқа түк дүние жоқ», – деп жалғасытрды Айгүл.

Сыз бөлме, жыртық етік

«2009 жылы бір азаматпен танысып, бірге тұрдық. Бір өзіме қиын болып кетті. Арқа сүйер азаматым болса, екеулеп шығармыз деген үмітім болған. Азаматтық некеде болсам да оған 3 бала туып бердім. Балалары да өзінің атында. Оған сенім артқым келді. Бірақ, қазір ер адамдар өздері арқа сүйейтін адам іздейді екен. Саған көмек болудың орнына аузын ашып отырады. Өзінің тапқан таянғанына ішіп-жеп, шегіп, жөніне кетеді. Болмаған соң үйді босат дедім. Оның бізге бұрылмағанына жақында бір жыл болады», – деді Айгүл.

Қазір Айгүлдің балаларында да, өзінде де жылы киімі жоқ.

Ауру ана, шарасыз ана, мұқтаж ана
“2014 жылдың 30 желтоқсанында өкпеңе салқын тиген деп ауруханаға алып кетті. Балаларды шипажайға сол күні жедел жәрдеммен апарды. Екі ай жатып ауруханада емделдім. Енді үйде ем алып жатырмын. Маған әзірге қоғамдық орынға барып жұмыс жасауға рұқсат берген жоқ. Күн көру қиын. Балалардың жәрдемақысы пәтерақыға кетіп жатыр. Тамақ ақша жоқ. Балаларымның барлығын жатып оқитын интернатқа беріп отырмын. Әйтпесе оларды қалай асыраймын? Кішкентайларды да 5 күн бойы алмайтын балабақшаға берем. Амалым жоқ басқа. Қасымда тек колледжде оқитын үлкен қыз бен 2 жастағы қызым бар. Кішкентайым да қолқасына салқын тиіп кеше ауруханаға жатып шықты. Осы жағдайымды баяндап, Сапарбаевқа кірейін деп отырмын. Маған көмек керек”, – дейді Айгүл  Құлбарақова.

http://www.nur.kz/