АЛТЫНОРДА
Новости

Ақтөбеде педофилдер бет қаратпай тұр

Облыста соңғы екі жылда осындай 27 зорлықшы түрмеге отырғызылды.
Ақтөбе облысында соңғы екі жылда 27 педофил «түрмедегі тәтті өмірдің» төңірегіне жол тартты. Бұл туралы жергілікті «Диапазон» газеті хабарлады.
Аталмыш мақаланың авторы Юрий Гейст солардың бірі өз әкесінің құрбаны болғанын баяндайды. Осындай айуандыққа барған адамға сот 18 жыл мерзім кескен. Қылмыскерлердің ең жасы 18-де болса, ең үлкені 46-ны толтырған. Бұлардың барлығының дерлік ақыл-естері дұрыс деп табылған.
Зорлықшылардың құрбандарын негізінен 12-13 жастағы балалар құраған. Қылмыстық істер жөніндегі арнайы ауданаралық сот 2012 жылы балалардың «бір жыныстағыларға қарсы» қылмыс санының өсе түскенін атап өтті.
-Мұндай қылмыс үшін 2011 жылы 11 еркек түрменің торына аттандырылса, 2012 жылы ондайлардың саны 16-ға жетті, – деп мәлімдейді Ақтөьбе облысы қылмыстық істер жөніндегі аранйы ауданаарлық сотының төрағасы Нұрлан Сұлтанов. – Облыс орталығында өткен жылы педофилдіктің 9 оқиғасы орын алса, қалғандары аудандарда тіркелді. Қылмыскерлер өз құрбандарының не өгей әкелері, не алыс туыстары, не көршілері болып келеді. Бұлардың 8 жағдайында олар бір-бірлерін танымайтын болып шықты.
Арнайы соттағылар бір жағдайда ғана зорлықшы құрбандығының туған әкесі болып шыққанын айтады. Бұл Алға ауданында орын алған. Ұзақ уақыттар бойына әкесі 13 жастағы қызын зорлап келген. Педофил қашан ұсталғанға дейін былайға жұртқа өзін үлгілі отбасы иесі секілді етіп көрсете білген. Ол мектепте от жағушы болып жұмыс істеген. Ал оның туған қыздарын қалай қорлап келгенін тіпіт әйелі де сезбеген. Қыз бұл сұмдық жайтты жұрттың бәрінен жасырған. Бір жолы оны анасы өз сіңлісінің үйіне қонуға жібереді. Сонда жасөспірімнің мінез-құлқының оншалықты орнықты емес екенін байқаған әпкесі оның тілін тауып, әңгімеге тартады. Барлық шындық осылай ашылады. Осыны естіген бойда естияр келіншек дереу полицияға арыз жазады. Педофил әке бірден қамауға алынып, 18 жылды арқалап кетеді. Ал дәрігерлік тексеру оның ақыл-есі дұрыс екенін анықтап берген.
-25 жастағы бір жігіт 5 жасар бүлдіршін қызды әжетханада зорлаған, – дейді Нұрлан Сұлтанов. – Олар көрші тұрған. Қыз кейін жігітті топ арасынан таныған. Сотта ол анық куәлік бере білген. Осы қылмысы үшін жігітке 16 жыл берілді.Ең бір сұмдық қылмыс Ойыл ауданында орын алған. Онда 40 жастағы еркек 9-дағы қызды алдап үйіне кіргізіп, зорлап, артынан тұншықтырып өлтірген. Ал денесін азық-түлік жертөлесінде сақтаған. Педофил осы қылмысы үшін өмірлік түрмеде отыру жазасына кесілді.
Газет тілшісі сонымен қатар, екі жылда қай ауданда қанша педофилдің қолға түскені туралы да мәлімет беріп өтіпті. Бұл көштің басын Ақтөбе қаласы бастап тұр. Онда, жоғарыда айтылғандай, 9 дерек тіркелген. Мұндай азғындар саны Хромтауда 4-у болса, Мұғалжарда 3-уге толған. Байғанин мен Алғада – 2, ал Мартөк, Қарғалы, Темір, Шалқар жерлерінде бір-бірден табылған.
Құрыш Нұрымбет.

http://www.egemen.kz