«Әл-Қаида» террорлық ұйымының басшысы Айман әл-Зауахири Үндістан мен оған көршілес елдерде ұйымның жаңа бөлімшелері құрылатынын жария етті.
АҚШ-та орналасқан SITE барлау тобының дерегінше, жиһадшыл веб-сайтта жарияланған видеода Зауахири жаңа ұйым Үнді субконтинетінде «жиһадтың туы тігілетінін» мәлімдеген.
Сарапшылар Зауахиридің бұл мәлімдемесіне қарап «Әл-Қаида» Таяу Шығыста біраз күш жинаған радикалдық «Ислам мемлекеті» ұйымымен бәсекелеспек ниетте деген болжам айтады.
«Әл-Қаида» тобы негізінен Ауғанстан мен Пәкістанда белсенді әрекет етеді. Сарапшылар «Әл-Қаиданың» мұсылмандар аз тұратын Үндістанда әзірге қандай да бір әрекеті байқалмағанын айтады.
Үндістан телеарналары елдегі мұсылмандар көп тұратын үш штатта Зауахиридің мәлімдемесінен кейін алаңдаушылық пайда болғанын хабарлап жатыр.
http://www.azattyq.org/archive/news/20140904/330/330.html?id=26566300