Александр Градский Линда Нигматулинаның вокалына жақсы баға берді, деп хабарлайды Baistars.kz. Дегенмен оған техникамен жұмыс істеуге кеңес берді. 32 жастағы əртіс əлі де музыкамен айналысқысы келетінін жасырмады. Тіпті көптеген жазылмаған əндері бар көрінеді. Енді ресейлік мэтрдың сөзінен кейін актриса музыканы да қолға алу керек деп ойланып қалды.
Айта кетейік, белгілі актриса Венера Нигматулинаның қызы Линда Нигматулина 2000 жылдардың басында қазақстандық «ДНК» тобында өнер көрсеткен. Кейін түбегейлі актерлікке бет бұрып, Ресей киноиндустриясын бағындыруға Мəскеуге аттанды. Қазір ресейлік жəне қазақстандық фильмдерде, театр қойылымдарында ойнап жүр.
http://baistars.kz/post/view/22862