АЛТЫНОРДА
Новости

Александр Яковлев: Құрметті Путин мырза, бізді қорғайтын өз Президентіміз бар!

www.lawinrussia.ru фотоОрыстілділер мүддесін қорғау жөнінде кеңінен насихат жүргізуші Владимир Путинге қаратып Фейсбуктегі жеке парақшасы арқылы хат жазған қазақстандық Александр Яковлевтің аты-жөні бүгіндері бүкіл елімізге таныла бастады. Өйткені ол, біздіңше қиын-қыстау тарихи кезеңде азаматтық позициясын ашық білдіріп, өзін нағыз патриот екенін көрсетіп беріп отыр. Путинге деген хатында Саша өзінің Қазақстанда тұратын орыс екендігін, бірақ РФ президентінің көмегіне зәру еместігін, оны қорғайтын өз президенті барын жазыпты. Осы хаттан соң Сашаның блогына тіркелушілер саны күрт артқан. Отандастарының барлығы Александрды қолдап, елі мен жері үшін алаңдаушылық білдіргені үшін алғыс айтып жатыр. Өз кезегімізде біз де «Отаным маған не берді емес, мен Отаныма не бере аламын» деп өсіп келе жатқан ұрпақтың куәсі болуға қатты қуанып, Сашаның хатын өзгелерге үлгі-өнеге ретінде сол қалпында беруді жөн көріп отырмыз!..

 

Құрметті Владимир Владимирович!

Соңғы кездері сіздің аузыңыздан көршілес жатқан елдерге қатысты жауласушы сөздерді жиі естіп қап жүрміз. Сіз басқа мемлекеттерде тұрып жатқан орыстар құқығының тапталып жатқандығы туралы жиі айтасыз. Алайда «басқа мемлекеттерде өмір сүріп жатқан орыстар» — сол мемлекеттің толыққанды АЗАМАТЫ екенін Сіздің есіңізге сала отырып, шетелдіктерді қалай қорғамақсыз деп сұрағым келеді. Ең бастысы, сонда кімнен?

Мен Қазақстанда тудым және оны мақтан етемін! Орыс тілін бұл арада ешкім қорламайды, керісінше, қазақ тілі — үнемі екінші қатарда. Осы елдің азаматы ретінде бұл жайт мені жабырқатады. Сондықтан мен мемлекеттік тілді игеру өзімнің парызым деп санап, оны үйреніп алдым. Оған мені, басқа орыстарды да ешкім мәжбүрлеген жоқ. Біздің Ұлы мемлекеттің басқа азаматтары да осы жолды үлгі етеді деп сенемін.

Құрметті Путин мырза, Ресей территориясында тұратын орыстарды, яғни Өз азаматтарыңызды қорғаңыз. Олар шынымен де сіздің көмегіңізге аса зәру.

Ал бізді қорғайтын өз Президентіміз бар!

Құрметпен,

Александр Яковлев, Қазақ

 

Уважаемый Владимир Владимирович!

В последнее время из Ваших уст часто слышна фактически враждебная риторика в отношении соседних государств. Вы очень часто говорите об ущемлений прав русских, проживающих в других странах. Хотел бы напомнить Вам что «русские проживающие в других государствах» — это полноценные ГРАЖДАНЕ этих стран, как Вы можете защищать иностранцев? И самое главное от кого?

Я родился в Казахстане и горжусь этим! Русский язык здесь не ущемляют, скорее наоборот — казахский на втором плане. Меня, как гражданина этой страны это печалит. Поэтому я посчитал своим долгом выучить государственный язык и я сделал это. Меня никто не заставлял как и любого другого русского. Я верю что и остальные граждане нашей Великой страны последуют этому примеру.

Уважаемый господин Путин, защитите лучше русских, проживающих на территории России, т.е. Ваших граждан. Они действительно нуждаются в Вашей помощи.

А нас защитит наш Президент!

С уважением,

Александр Яковлев, Казах 

www.facebook.com