АЛТЫНОРДА
Новости

Әлем чемпионаты қарсаңында Рио-де-Жанейрода наразылық акциясы басталды

Астана. 12 маусым. Baq.kz – Рио-де-Жанейро қаласындағы үш әуежайдың қызметкерлері футболдан Әлем чемпионаты қарсаңында тәулікке созылатын наразылық акциясын бастады. Шеру байрақты бәсекенің ашылу салтанатына дейін жалғасады.

Наразы топ жалақыларын көтеруді және Әлем біріншілігінде қызмет істегені үшін қосымша сыйақы беруді талап етіп отыр.
Би-би-си тілшілерінің хабарлауынша, осынау акция бірқатар шаралардың өтуіне кедергісін келтіруі мүмкін. Алайда, жергілікті уақытпен 12 маусым күні Сан-Паулу қаласында басталатын футбол мерекесіне еш залалын келтірмейді дейді жергілікті билік өкілдері.
Ал, Сан-Паулу қаласындағы метрополитен қызметкерлері наразылық шеруін жалғастырмайтынын мәлімдеп отыр.

http://baq.kz/kk/news/48580