[:kz]
|
Елімізде 1 қыркүйек күні 2,8 млн оқушы мектепке барады. Мәліметтер бойынша, олардың 370 мыңы — алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер.
Қазақстанның барлық орта білім беру мекемелерінде Білім күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Конституция күніне орай салтанатты түрде алғашқы қоңырау ұйымдастырылады, сондай-ақ бірыңғай «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында сабақ өтеді.
Жергілікті атқару органдарының мәліметіне сүйенсек, жаңа оқу жылы қарсаңында есігін ашқалы отырған мектептер саны — 7126. Жаңа оқу жылына дейін 60 жаңа мектеп пайдалануға берілу жоспарланған, ал 2016 жылдың соңына дейін 32 жаңа мектеп берілмек.
Дереккөз::http://kaz.caravan.kz/news/
[:]