АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Алматы облысында анасымен бірге көлік қағып кеткен 7 жасар қыз бала апат туралы айтып берді

pogudx1hj3am3ffp1g.f841ff28Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты бейнебақылау камераларына түсіп қалған болатын. Апатқа түскен әйел мен оның 7 жасар қызы Ангелина бүгінде емханада жатыр. Қыз баланың маңдай сүйегі сынып, бас миы жарақаттанған. Қыздың анасы әзірге жансақтау бөлімінде. Оның жағдайы тұрақты ауыр күйде.

Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Ангелина апат күнін жартылай есіне түсіре алмай отыр. Анасымен мектептен шыққаннан кейін көшені кесіп өтпек болғандары есінде. Одан арғысы есін түспеді. Қыз бала тек ауруханада есін жинай алған. Оны ол жерге апат куәгерлері жеткізген.

“Біз мектептен кейін базардан диск сатып алып, үйге қайттық”, – дейді Ангелина.

Ангелинаның әкесі күні бойы емханада жүр. Біресе қызына, біресе әйеліне жүгіріп әлек. Әйелі әлі де жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер Василисаның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Әйелдің аяғы сынып, көптеген жарақаттар алған.

“Оның сол аяғының жіліншігі сынған, оң аяғы қалай болары әзірге белгісіз. Неге екенін, диагноз қоймай отыр. Оның аяғына тұрақты түрде сұйықтық жиналып қала береді. Олар оны тазартып отырады. Сол аяғына оты жасату керек”, – дейді зардап шеккеннің әкесі Андрей Солонский.

“Мама, сен емделіп, тезірек айығып кет. Сосын маған кел”, – деп өтінді қызы.

Еске салсақ, Алматыда BMW көлігі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен болатын. Әйел қызымен бірге көшені жаяу жүргіншілер жолғанынан кесіп өтпек болған.Алайда жылдамдықпен келген көліктің соққысынан екеуі ұшып, жерге құлап түсті.

Апат 26 қазан күні Іле даңғыл жолында шамамен сағат 14:30-да болған. Қазір көлікті басқарған 21 жастағы жігіт қамауға алынды. Студент оқудан бос уақытында таксилетіп ақша тауып жүрген. Сараптама апат кезінде оның мас күйде болмағанын анықтады.

“Кеше тергеуші келіп, әйелімнен түсініктеме алды. Ол әлі де шала есін жинап отырғанына қарамастан, бұлай тергеуге алуға құқы жоқ еді. Ол оқымай жатып, бір құжаттарға қол қойды. Ол жерде не жазылғанын ешкім де білмейді”, – деп ренішін білдірді зардап шеккеннің әкесі Андрей Солонский.

Отағасы апатты тергеу созылып кетеді деп қауіптенеді. Оның айтуынша, тергеушілер қайта-қайта ауысып жатыр. Бірақ Андрей Солонский соңына дейін барып, қаққан азаматты барынша жазалауын талап етпек.

NUR.KZ