АЛТЫНОРДА
Новости

Алматы тұрғындары кәріз суына тұншығып отыр

dtrfgАстана. 28 тамыз. Baq.kz-Алматы облысында «Заря» бау-бақша қоғамында үй-жайы бар тұрғындар кәріз суларының исінен тұншығып жүр.

Тұрғындардың айтуынша, жергілікті септиктің нәжісін соратын машиналар онысын Ақсай ауруханасының маңайына төгіп кетеді екен. Енді осы қалдық көшеге жайылып, жұрттың үйінің ішіне кіріп баратын көрінеді.
«Ақсай» клиникалық ауруханасының бас балалар дәрігері Эрнест Калиев жағдайды айтып шағымданбаған жері қалмағанын айтады. Бірақ, олардың мұңын тыңдайтын құлақ жоқ. Кентте «кәріз мәселесі» күйіп тұрғанымен шенеуніктер оны күрделі жөндеуге қажет қаржы тек келесі жылы ғана бөлінетінін айтыпты.

Дәулетқали АСАУОВ