АЛТЫНОРДА
Криминальные новости

Алматыда 18 жастағы бойжеткенді қағып кеткен жүргізуші ұсталды

photo_17739Сәрсенбі күні, 10 маусымда Алматы қаласының жол полициясы қызметкерлері Райымбек даңғылы мен Жангелдин көшесінің қиылысында 18 жастағы бойжеткенді қағып кетіп, оқиға орнынан қашқан жүргізушіні ұстады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық жол полциясы басқармасының анықтаушысы Дмитрий Путилин хабарлады.

Жол-көлік оқиғасын Қарасай ауданының 1987 жылғы тұрғыны жасаған екен. Ол кінәсін мойындады және қазіргі уақытта одан жауап алынып жатыр. Жол апаты кезінде ол қара түсті Jeep Grand Cherokee автомобилінің тізгінінде болған, көлік оның туысының иелігінде. Айта кетейік, зардап шеккен қыздың анасы Ғалия Қоянбаева ішкі істер басқармасының қызметкерлеріне алғысын айтты. Оның қызы Махаббаттың жағдайына келер болсақ, қыз №4 қалалық ауруханада жатыр. Дәрігерлердің пікірінше, оның жағдайы тұрақты.

Еске сала кетейік, 5 маусымда қара түсті жол талғамайтын көлік 18 жастағы қызды қағып кетіп, оқиға орнынан із жасырған болатын. Қыз болса бұғанасы сынып, бассүйек ми жарақатымен жан сақтау бөліміне түсті.

http://kaz.tengrinews.kz/