АЛТЫНОРДА
Новости Алматы

Алматыда колледжден ұрланған қыз үйіне оралды

images (7)Алматыда колледжден ұрланған Айсель Байрамова үйіне оралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше түнде қызды іздестіру шаралары жүргізілді. Полиция күдіктінің туыстарымен параллель жұмыс істеді, олардан қызды өз бетімен босатуға жігітті көндіру сұралды. 13 қараша күін таңертең қыз үйіне оралды.

«Қыз полицейлерге күдіктінің үстінен шағымдану туралы түсінік беруден бас тартты. Сонымен қатар, қазіргі таңда полицияның тергеу бөлімдері қылмыстық іс шеңберінде титісті шараларды жүргізуді жалғастырып жатыр. ҚР ҚК 125-бабы бойынша, күдікті ұрланған адамды өз еркімен босатса және оның әрекеттерінде өзге қылмыс болмаса ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады», — деді баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік, Алматыда қалыңдықты алып қашқандар бейнеленгенвидеоролик жарияланды. Оқиға 12 қараша күні Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде болған. «Қыз сол колледждің студенті. Оны қырғыздардың номері бар көліктегі жігіттер ұрлап әкетті», — делінген сипаттамада.

Оқу орнының басшысы Жарқын Жаниязованың айтуынша, ұрланған қалыңдықтың есімі — Айсель. Ол 17 жаста, бірінші курста оқиды. 12 қараша күні қызды оқу орнына оның ағасы жеткізіп салған. Қызды ұрлап әкеткеннен кейін студенттің ағасы ата-анасы мен полицияны шақыртты. Қалыңдық ұрланғаннан кейін «жедел ұстау» жоспары жарияланды.
http://kaz.tengrinews.kz/