Пәтерге мұқтаж жандарға мемлекеттік бағадарлама бойынша кезексіз баспана «әперетін» алаяқ әйел ұсталды. 42 жастағы Ақмарал Оңғарбаева елдің сеніміне кіріп, жеңілдікпен алынатын пәтерлердің кезегін жылдамдатқан қызметі үшін ақша талап еткен. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз орталығының мәліметіне сүйеніп egemen.kz хабарлады.
Алматы қаласының Әуезов аудандық ІІБ бөлімінің бастығы Мұрат Қаспақбаев: «Қазір біздің бөлім азаматша Оңғарбаеваға қатысты 7 қылмыстық істің барысын тексеру үстінде. Бүгін бөлімге зардап шеккен 8-ші адам келіп, арызын қалдырды», – дейді.
Алаяқтың айтқанына сеніп алданған азаматтар бұдан да көп болуы мүмкін. Осыған орай Әуезов аудандық ІІБ зардап шеккендердің 298-53-72 және 298-53-70 телефондарына хабарласуын сұрайды.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.